Ол қазақты әлемге әлі де молынан танытар еді...
Ол өз отаны — Қазақстанда да, одан алыс шектегі жерлерде де, Кеңес Одағының өзге де бауырлас республикаларында да біртуар халық жыршысы Жамбыл Жабаев пен басқа да талантты қазақ ақындарының шығармашылығын насихаттауда белсенді сеп тигізді.
Оның жүрегі бір мың тоғыз жүз алпыс бірінші жылы ғұмырлы алпыс төрт жасқа қараған шағында өз соғуын тоқтатты.
Жұмыс үстелінде «Өскен өркен» эпопеясының бітілмеген беттері қалды, онда Мұхтар Әуезов мәңгіге өлмейтін «Абай жолы» эпопеясындағыдай сондайлық кең де терең суретпен қазіргі халық өмірі мен адам тағдырының бейнелерін қалыптай жасағысы келген-тін.
Қаламгерлік еңбектің қырық төрт жылында төл ел мәдениеті тарихында ұлы ізашарлары Шоқан Уәлихановпен және Абай Құнанбайұлымен қатар қадір тұтарлық орын алған Әуезов өз талантының қарым-күшін кеңес құрылысы жеңбей тұрып тимеген дерлік, енді ғана дүниеге қадам басып жүрген қазақ сөзнамасының тыңын игеруге салды.
Ол өзге де өрістетушілер мен негізін салушылар — Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқанов және де қазір дәурен сүріп жатқан Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Әбділда Тәжібаевтармен бірге жаңа қазақ кеңес әдебиетінің соқпақ сүрлеуін салып кетті.
М. Әуезов дарынының дарқан қыры түр-түрлігімен ғажап. Оқырман оны заманамыздың жан сала түршіктірерлік тақырыптарына бағышталған кең тарихи көркем суретнамалардың, хикаяттардың, әңгімелердің, көркем көсемсөздің төлиесі деп таниды. М. Әуезовті нық негізбен қазақ драматургиясына жиырмадан астам пьеса есепті бай мирас қалдырған көшбасшысы санайды. Оның шығармашылық ширақ қорында опералық либреттолар да, киносценарийлер де, әдебиеттің бар кездесер түріне тән туындылар да баршылық.
Жас қазақ әдебиеті классика мен заманауи кеңес қаламгерлері туындыларын теңдессіз тәржімалағаны үшін оған парыздар. Шүбә жоқ, бұл атқарыс енді-енді ғана аяғынан тік тұра бастаған жазба қазақ әдебиетін жаңа түр мен жанрлық мүмкіндіктермен байытудың биік те күрделі міндеті өз басына түскен Әуезовтің пісіле жетілген жазушы-шыншылшы болуында өте үлкен рөл ойнады.
Шоқан Уәлиханов бастап, Абай Құнанбайұлы жалғас соқпақ салған өміршең дәстүрге ілескен Мұхтар Әуезов өмірінің бар жылында әдебиетте халық шығармашылығының бай ауызша мұрасын жинау мен зерделеуде үлкен, көзқарақты, ынталы назар сала бөлді.
Ол өз отаны — Қазақстанда да, одан алыс шектегі жерлерде де, Кеңес Одағының өзге де бауырлас республикаларында да біртуар халық жыршысы Жамбыл Жабаев пен басқа да талантты қазақ ақындарының шығармашылығын насихаттауда белсенді сеп тигізді.
Қазақстан Ғылым Академиясы құрылған уақыттан бері Мұхтар Әуезов барлық әдеби айтыстарға қатыса отыра, өзіне лайық көрсетілген құрмет пен сіңірген еңбек бойынша ғылым докторы мен академиктің жоғарғы атағын иеленді. Әсіресе, ол Екінші бүкілодақтық жазушылар съезіндегі сын жайындағы баяндаманы әзірлескен авторлардың бірі болды әрі төл әдебиет тарихындағы түйінді тақырыптарға арналған кесек негізді зерттеулердің авторына айналды.
Мұхтар жүргізген орасан үлкен жазушылық және зерттеушілік айналыс оған белсенді қоғам қайраткері, жаңа, социалистік қоғам құрылысының қатынасшысы болуға бөгет жасамады.
Туған Қазақстаны патшалық Ресейдегі қалыс кеткен отарлы шет аймақтар қазіргі гүл шашқан социалистік республикаға айналған бейбіт жасампаз еңбек дәуірінде де, біз жаулап алған социализм беріктігі тарихи сын тексеруден өткен Ұлы Отан соғысы жылдарында да Мұхтар Әуезов өз шығармашылығында және қоғамдық, мәдени-саяси қайраткерлігінде кеңес отаншылының жоғарғы атағында қалды.
Ұлы Қазан социалистік төңкерісі М. Әуезов пен тұстастарының тұқымы үшін дана ұстаз да тәрбиеші бола білді, ұлтшылдық сарқыншақтардан арылып, жаңа қауым құрушылардың алғашқы қатарына тұруға көмек етті.
Орыс тіліне Леонид Соболев шебер аударған, қақында Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтарға ие болған «Абай жолы» ғаламат эпопеясы туған Қазақстанында да, одан алшақ жатқан шет жерлерде де авторға деген сүйіспендік пен қадірлік келтірді.
Эпопеяны оқыған миллиондаған азамат XIX ғасыр соңы мен XX ғасыр басындағы қазақ халқының өміріне енді, кітаптың бас кейіпкері мен оның тұрғылас жолдастарын ұқты да, сүйді де.
Олар ерекше күшпенен құлдыққа, қараңдыққа, надандыққа былыға батқан әлі көшпенді елге феодализм әлемінен шынайы, қолдан келген социализм әлеміне құдіретті секіріс жасауға кеше мүмкіншілік берген Қазан төңкерісі жасап шығарған қандайлық ұлы ғажапты сезінді десеңізші.
Жаңа эпопея «Өскен өркенмен» жұмысты шұғылдана бітіруге Мұхтар Әуезовке кедергі келтірген ажал әттең-ай да, ренішті.

Мұхтар Әуезов Алексей Сурков пен (сол жақта) әңгімелесіп тұр. 1958 жыл
Қайтыс болғаннан кейін жарық көрген бірінші кітабы авторының жасарған, қартаймас дарыны эпопея беттерінде көшпелі, дала тумалы Қазақстанның Одақтың оңтүстік-шығысындағы сарқымсыз нан астық қоры мен қуатты индустриялық тірегіне қайта айналғанының кең құлашты өріс бейнесін де баса қалдырды деген сенімділік тудырды. Шүбәсіз, автор эпопеяны қажу білмейтін қайратты жұмысшы қолдары пәк тың тұстан жаңарта жасару жүргізген әрі жүргізіп келе жатқан сол бір адамдармен, ақылмен, дарынмен жайылтар еді.
Кітаптарының миллиондаған оқырманы, пьесаларының көрермендері саф халықтық қаламгер көретін бауырлас қазақ әдебиетінің ұлы ақсақалы өмірінің үлкен, тарихи қорытындысы осындайша еді.
Оның бастаушы мен алғаш жаңалық ашушы ретіндегі таңғажайып тағдырында Қазақстанға көршілес өзге де әдебиеттерді негіздеушілер — тәжік Садриддин Айни, түрікпен Берді Кербабаев, өзбектер Хамза, Айбек, Ғафур Ғұлам, қырғыздар Түгелбай Сыдықбеков, Аалы Тоқамбаев арасындағы ұқсастықтың көп қырлары баршылық.

Мұхтар Әуезов шетелдік қаламгерлермен бірге
Олардың барлығына да төл туындыларымен қазан кезінен кейінгі туған әдебиеттері тарихының тұңғыш парақтарын ашу, отан және әлем әдебиетіне шын істері батырлық эпос қаһармандарының ерлігін күңгірттеген жаңа кейіпкерлерді енгізу бақытының биігі бұйырды.
Мұхтар Әуезовтің дүниеге келгеніне сексен жыл толуына орайғы тойды өткізе, қазіргі таңда да баспасөзбен өлмес белгі жасалған туындыларымен замандасымыз да жолдасымыз боп қалатынын анық ұға, біз, орыс әдебиетшілері, орыс жұртының айнымас, адал досы, ұлы ізашарлар мен дарындылау замандастарының шәкірті де ізге ерушісі болған онымен арамыздағы қатарластары мен тұрғыластарының көпшілігімен үзілмес достық пен қарулас серіктік жібі жалғап тұрды.
Мені Мұхтармен 1955 жылы Үндістанға барған жарты айлық жолсапар жақындастырды әрі достастырды. Әсер тізбектерінен Үндістан президенті Раджендра Прасад қабылдауында орын алған сәт есіме оралды.
Бізбен өткен әңгімеде көрнекті саясат қайраткері Чакраварти Раджагопалачария Мұхтар Әуезовтің қазақ қаламгері екендігін білгенде Қазақстанның Үндістанмен шақ дерлік шектесетіндігін есіне түсіре, мен жаққа қарай қабақ қаға, Мұхтардан жарым әзілдей сауал тастады:
— Ал неге сіздер бізде емес, олардасыздар (яғни орыстарда)?
Бірде-бір секунд жай тынбастан, Мұхтар жауап қатты:
— Бәлки, сіз арамызда өте асқар тау жатқанын, бастысы он жетінші жылғы Қазаннан қырық жыл дерлік артқа шегініс жасап, бұның ұзақ-ырғалы да ыңғайсыз екенін білетін боларсыз.
Бұл тәлім нақыл үнді әбден тыңдап отырған Раджагопалачария күлімсірей сөз қатты:
— Иә, сірә, сіз дұрыс айтып отырсыз. Көшпендінің ұлы болып отырған сіздің сондайша таңғажайып айтысшы бола қалғаныңыздың өзі ертек секілденеді...
Үнді әдебиетшілерімен, ғалымдарымен, студенттерімен, саясатшыларымен әңгімеге қатынасқан біз еліміз жөніндегі қате ұғыныс алғандармен біраз айтысуға мәжбүр болғанымызда, сол сәтте қарсыластарына қызу өткір мінез ғана емес, кең, қыр-қырлы ойжиек танытқан Мұхтар дауға айнусыз қыза кірісе араласты. Көшпелі қазақтың баласы болған өзі де өмір салтымыздың жан тапқан табыстарының жанды, көз көрерлік айғағы болатұғын.
Фотосуреттер автордың мұрағатынан ұсынылды.
Бекжан Бектенбай, жас ғалым
