Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ПОЭЗИЯ
Жақсыбек Қақан. Алтын жалау...

19.10.2022 1396

Жақсыбек Қақан. Алтын жалау 14+

Жақсыбек Қақан. Алтын жалау - adebiportal.kz

Әңгіме

І

Ол зулап өтіп жатқан уақытқа ілесе алмай ақ қойғаны. Енді киінейін десе кредит, енді ішейін десе патер ақысы жетіп келеді. Алатыны жүз елу, салатыны жүз сексен. Беретіні сыртында, қарыз бен берешегінен арылмақ түгіл, үстін-үстін жамалып, бірінен алып, біріне беріп, жан-жағына ақша қарыз болып "байып" шыға келгені. 

- Өмір не болып кетті өзі деп ойлады ол. Заман озып, мен қалып кеттім бе, әлде заман тозып, дүние тарылып бара ма? Берекемнің бес күнге жетпегені несі? Жұрттарға қарасаң жылқы жүз, қойы мың секілді күжірейіп жүргені. Ішінде бейшарасы мен ғанадай. 

- Сеніңде тапқаның мандымады деді қатынына қыдыңдап, бір арлып болмадық ау! Мойындағы қарызды қайтарып, қашан бір сергиді екенбіз. 

- Ой, сорлы, еркек басыңмен менің тапқанымды есептеп, тап өзің!  Еркексің бе үйде асырау, бала-шағаның нәпақысы табу сенің мойныңда! Маған не қыл дейсің? Екі жақтап ептесейік пе десем, есептесейік дейсің. 

- Болды, аузыңды жапшы. Ағытылсаң орып түсетінің не? Ақылдасайық, сөйлесейік десем, тік шапшып шыға келетінің бар екен.

Көрпесін қымтай теріс қарады да жата кетті ол. 

- әкің, сол бәлелер қалай күн көреді осы, жылмың-жылың етіп, жылып-жылып етіп, езген сабындай әйтеу бір тесік тауып алады. Менің жүргенім мынау. 

- Ай, пыс-пыс етпей ұйықташы ары, деді келіншегі.

- Анау Қажандар жаңа машина алыпты ғой, солар ақшаны қайдан табады өзі? 

- Е, кәззәптықпен табады да. 

- Ол не тағы, қандай өнер ол деді келіншегі түсінбей.

- Й, қайтесің оны, не жақсы дейсің, таза еңбек дейсің бе соның бәрі. 

- Й, оған кім қарап жатыр, жақсы тұрса, жақсы жүрсе, кімнің, кімде шаруасы бар.

- Шаруасы үлкен болады кейін. 

- Онда жат үстіп, айлығың шайлығыңа жетпей, тиын санап. 

- Осы қатын деген немені неменеге жаратты екен деп ойлаймын кейде осы. 

- Қатын болмаса сен қайдан шықтың, қайда тықтың? 

- Е, айтпақшы есі дұрыс еркек қатынмен дауласпайды екен ғой. Қойдым болды, жеңілдім.

- Мені ажуалайсың, есің дұрыс болса қазір төсекте жата алмас едің ғой. Мұздатқыштың бүгін нешінші күн бос тұрғанын білмеймін, балалар шиық-шиық етіп сары ауыз балапандай алдыма келгенде не берерімді білмей дал болам, ал, сен болсаң кәперсіз ұйықтайын деп жатырсың. Қалай дәтің шыдап ұйқың келеді?

- Енді қайт дейсің маған? 

- Істе, тап, әкел!

- Істеп жатырмын. 

- Енді сол жетпей жатыр ғой. Анау Бәкеңдер секілді өтірік бірдеме болса да жазып, сызып, көріну дегенді білмейсің. Салпақтап жүргенің. Жаман машинаң сені, сен жаман машинаңды сүйреп, жұмыс-үй арасынан басқа бұрыла бұзар сызығың жоқ.

- Зато мен тазамын! Қолым таза!  Арым таза! Қалтам тесігі ғана болмаса. Ал, олардың не істеп боқ езіп жүргенін қайдан білесің?

- Хм, сенің тазалығыңа түкіргені бар адамдардың. Ақшаң жоқ болса, атағың жоқ болса, мәнсабың жоқ болса, таза болмақ түгіл періште болып кет, пшту, лохсың. Ақымақсың, сорлысың. Қатының болсам да сен туралы менде солай айта алып тұрмын. Ал, жұрт не демейді. 

- Ай, акің, жағың қарыспайды екен осы. Болды, кеттім, ұйықтаймын.

"Есі дұрыс" семия болса, түннің бір уағына дейін сырласар ма еді бәлкім, ал, бұлар түн ортасына дейін дауласмыз деп ертеңгісін жайсыз, зорға тұрды. Ауыр, езілген еңсесінің иіні салбырап етекке түскен. Көңілсіз ішілген шай, қалаусыз кесілген нан. Жейін десе тамағына бір нәрсе кептеліп өтпей ақ қойғаны. Бір ғана кесе ішті де кері сиырды, ол да іш деп айтпады. 

- Кеттім жұмысқа. 

- Бар бол! Келерде уатсабыңа керекті заттарды жазып жіберем, білмеймін,  қалай әкелесің өзің біл. 

Шиық-шиық, күрік-күрік еткен өзінен он жас кіші машинасына жайғасып, бірін-бірі сүйреп жұмысына жетті. 

Күні бойы бітпейтін айтеубір жазу, ит аузына ағаш тыққан еріккен, уақыт өлтірген тірлік. Бірдемені қырып жатқандай, бірдемені қиратып жатқандай берекесі жоқ, берері жоқ қарбаластық. 

- Дүние не болып барады өзі,- деді үзеңгілесіне түндегі емес күндегі отбасындағы керісті еске алып. - Мынау айлықпен күн көру мүшкілге айналып барады.

- Бәріміз де сол. Әйтеу менде үй бар сонымен білінбей келем деді оған. 

- Миым ашып кетті. Үйде күнде дыңғыр.

- Жеңгеміз қайта мықты. 

- Ол да қайтсын енді. Қайда барады. Не істей алсын, сөйлеп-сөйлеп қояды да. 

- Ағасы, сіз де көлік бар ғой. Сонымен кешке жұмыстан соң қаланы бір-екі айналып шықсаңыз, недәуір сеп болмай ма.

- Оны менде ойлағам, бірақ ана шарқыш неме жарамайды да. 

- Ептеп жұмысқа күнде келіп жүрсіз ғой. Жұмысқа барып келдің не, артық бір-екі кісіні тасыдың не, аз болса да тиын-тебен тауып аласыз. 

- Білмеймін, кешке көремін. 

II

Ыңылдап ән салуға да зауқы жоқ, ауыр бір жүріспен тозған торшолағына келіп жайғасты. Өкпесі кеткен қой секілді, күркілдетіп селкілдетіп біраз тұрды да, күні-түні демалмайтын көліктер ағысына қосылды да кетті. Баста қол көтеріп тұрған кісілерге бұрылуға арланды, біреу-міреу көріп қояма деп қуыстанғаны. Көз байланып, көкжиекке түннің қараңғы пердесі тартыла бастаған шақта ау пірім деп бір кісіні алды ау әйтеу. Білетін жер екен, келісті де жеткізіп тастап, келесі ақшаға бергіш адамды іздеді. Оны да оңай тапты, бірақ бартын нүктесі қатты біле бермейтін алыстау жер екен. Артқа отырғызып алып ағызып келе жатыр еді, жолай тағы бір кісі қол көтеріп тұрғанын көрді. Жақындап келді де,

- Сәлеметісің бе? Қай жаққа барасың?

- 3 шағын аудан деді.

Арт жақтағы кісіге қарап:

- Сіз баратын район жақта емес пе?

- Иә, бізден ары біраз жүресіз

- Келіңіз, отырыңыз!

Беті жып-жылмағай, толықша келген, дөңгеленген қой көзі кісіге бір түрлі қарайтын жан екен. Жайғасып отырғасын көп созбай:

- Ағасы, қай жақтан боласыз? Жұмыс осы таксовка ма? деді бетіне қарап.

Айтарға болмаса өзі қысылып қалған ол:

- Осы қала маңынан болам. Енді бұл таксиді қосымша табыс дейміз бе, нәпақа айыру дейміз бе, сөздің ашығы тапқанымыз жетпей, содан қылып жүрген тірлігіміз ғой.

Түсінгендей - М, деді де мелшиіп қатты да қалды. 

Арттағы кісі сөзге араласып.

- Заттардың бағасы сұмдық өсіп барады. Былтыр он мыңа бірдеме-бірдеме алатын едік. Биыл олда жоқ. Не болар екен заманың.

- Айтпаңыз, таңнан тұрып тырбынсаң да әйтеу ісің өнбейді, тірлігіңде береке жоқ. Тесік қалта жүргенің. Ойлаңызшы, мен мына өзімнен он жас кіші машинаны жырғағанымнан мініп жүр дейсіз бе? Кім жаңа машина айдағысы келмейді, кім өз үйінде тұрғысы келмейді дейсіз. Мемлекеттің жасап қойған заңы анау, өзіміз шығара алмасақ, сырттың арзан көліктерін тізгіндеуге мүмкіндік берсе ғой. Қайыршы кептегі қаншама жігітті, отбасын білемін. Тұрақты жұмысым бар дегенім болмаса, менің де табысым жетпейді, ештемеге жетпейді. 

- Ретін таппай жүрсіз ғой, ағасы деп әлгі жылтыр бет сөзге араласты. 

- Қандай рет? Байығың келсе бастық бол деген мақал шықты ғой қазір.

- Енді қалауын тапсаңыз мына заманда бәрі бар. Негатив айта бермеіңз.

- Негатив болса, өзің неге жаяу жүрсің?

- Әр түрлі жағдай болады, ағасы.

- Мен жетіп қалдым, бауырым, деді арттағы кісі. 

Оны түсіріп тастады да, екеуі ары қарай ызғытты. Көлік ішін матордың қиқыл-шиқылы араласқан дыбысы ғана бұзып келеді. Сәл отырып.

- Мен сізге бір жұмыстың ретін айтсам бола ма,- деді жылтыр бет.

- Ой, не қылған жұмыс дейсің. Талай жерге шақырам, мында жақсы жалақы дейді де талай адам көлеңкесін көрсетпей кетеді.

- Неше балаңыз бар?

- ЕкіНе болды?

- Машинаңызға, сөзіңізге қарап шын қиналып жүргеніңізді байқап келем. Менде шынымен керемет табыстың көзі бар. Тек сіз келіссеңіз болғаны.

- Ол несі тағы. Аспаннан ақша жауса да, маған тиын бұйырмас.

- Мен шын айтып отырмын.

- Ал, қандай жұмыс айта қойшы?

- Жалайсыз.

Көлікті шорт тоқтатты да,

- Кет, атаңа нәлет, не айтып тұрсың? денің дұрыс па өзі? Денің дұрыс болмаса түс көліктен, ақша алмаппын сенен.

- Ой, ағасы, сізге шын жаным ашығаннан осы шаруаны айтып отырмын.

- Енді айтсай қандай жұмыс ол?

- Жала дегенде, Алтын жалайсыз.

- Алтын дейді, қайдағы алтын.

Жылтыр бет сырт киімінің ішкі қалтасынан пакет толы құм алтынды көрсетті. Екінші жағынан да, сыртқы қалтасынан да алып шықты.

- Мынауың шын алтын ба не? 

- Көрмегенсіз бе бұрын?

- Көріп тұрғаным осы екен.

- Е, онда бұны сезіну керек. Жалайсыз ғой сонымен?

Бұрын саудаласып көрмеген адам, тосын ұсыныстан есі шығып, не болып жатқанын түсініп үлгірмей:

- Тұра тұршы, сәл ойланып алайын. 

Сол сәтте уатсабына келіншегінің үйге керек деген заттардың тізімі кеп түсті. "Ойланатын уақыт жоқ, бұл не үшін екен, тосын келген жақсылықтан қорық деуші ме еді" деген ой басын шырмап алды.

- Өтеуі не болады? Қалай келісеміз? Ненің ақысына бұл дүниең сонда?

- Оны іс біткесін айтамын. Қазір тек алтын жалауға келіссеңіз болғаны.

- Қызық екен. Көңілім сәл қобалжып тұрғаны. Көзі жапақтап біраз отырды.

- Жүріңіз, алаң болатын ештеме жоқ. Бағытты өзгертіңіз, қала шетіндегі оңаша жерге барамыз. Келістіңіз ғой!

- Келістік! 

- Жігітше ме?

- Жігітше!

Екеуі қол алысты.

Қала шетіндегі жігіт айтқан жерге тез-ақ келді. 

- Жүріңіз, қоймаға кірелік, сонда осы "қайырымдылықпен" айналысатын үш досым отыр. Солардың ортасында жалау рәсімін атқарасыз. 

- Ай, ай тұра тұр. Басқа ештеме істемеймін ғой.

- Пай, ағасы жаңа келістік қой. Жалайсыз болды қайтасыз.

- Жарайды, неде болса келдік. 

Қараңғылау, сап-салқын темір қойманың ортасында жанып тұрған отқа жүздерін беріп үш жігіт отыр. Екеуі кіріп келгенде алқақотан отырған олар бұларға бұрылды. 

- Жаңа жалағыш тауып келгенсің бе? Ай, қиынсың ғой. 

Үшеуін кезек-кезек таныстырды. Біреуін Ақаң деді, Біреуін Атекең деді соңғысын Мәкең деп таныстырды. Өзін Дүкең дейді екен. Төртеуінің ортасына түскенде, келгеніне пушайман болған ол қарадай мысы басылып, "мыналар мені не өлтіріп, не зорлап бірдеме істетпесе екен" деп ғана отырды.

 - Тәк, былай ағасы, жасыңыз болса үлкендеу екен. Сізге бірден айтайық, Дүкең айтты ғой Алтын жалайсыз деп, сол жалаудың басты шарты сіз тек бір ақ рет жалайсыз әрі қанша алтынды жалай аласыз сонша алтынды өзіңізге ала аласыз. Ол қанша болады ол өзіңіздің тәлейіңізге байланысты, бәлкім миллион, бәлкім екі миллион, үш миллион теңге болады деді Ақаң.

Екі миллион, үш миллион дегенде көзі жанып кетті. 

- Бұл істерің ненің құрметіне, мен соны түсінбедім әлі?

- Біздің өз арамызда бәс бар. Бар іс біткесін ол талапты сізге айтатын боламыз деді Атакең.

- Жарайды. Түрлеріңе қарасам дұрыс адам секілдісіңдер. Сендік седерге! Ал әлгі алтындарың қайда, жалайық енді.

Бәрі жылжып қойманың ортасындағы бағанағы от болып көрінген жарыққа келді. Дүкең қойны-қоншыдағы кебек алтынды алды да астын от жалап тұрған ыдыстың ішіне төге бастады. Ішінде онсыз да қайнап жатқан сүйықтықпен әп-сәтте араласты да кетті. Ал, жылтыр беттің жеңінен де, етегінен де алтын төгіліп жатқандай көрінді оған. Бағанадан осыншама алтын қай жеріне сыйып келген деп таң қалды. Сәл күткесін кебек алтынның бәрі ыдыстың ішінде көлкіді де қалды. 

- Ал, жалаңыз деді Дүкең ай-шүй жоқ.

Жаңағы қызыққа қарап тұрып, еш аңғармапты. Алдындағы кілкіп ғана жатқан сары түсті сүйықтықты көргенде көзі шарасынан шығып кетті.

- Ай, мен саған қайнаған алтынды жалаймын дегем жоқ, баста неге айтпайсың?

- Өзіңіз сұраған жоқсыз ғой. Келісім берген өзіңіз.

- Мынаны жаласам тілім түгіл кеңірдегім ойылып түсіп қалар.

- Түспейді, ағасы. Сіз ғана емес қанша ма кісі осында келіп кеткен. 

Компютерді ашты да тілі сап-сары саталақ болған қаншама адамды көрсетті. Тіпті кейбірін танып үлгірді.

- Ретін тап дегенім ғой, ағасы.

- Шынымен түспей ме тілім.

- Алдымен мына сүйықтықты тілге шашасыз, бұл арғы етіңізді қорғайды. Алтын тек беткі ұлпасын ғана қарып түседі. 

Не сенерін, не сенбесін білмеді. Сенбейін десе, әлгі көзі шалып қалғанлар өңшең ырғын тұратын немелер. "Солар ешқайсы тілсіз жүрген жоқ қой" деді де. Аузын ашып шаш деді.

Мәкең кішкентай құтыдағы белгісіз сүйықтықты тіліне шашып кеп жіберді.

- Сәл күтіңіз, етке сіңсін.

- Дәмі недеген қышқыл еді. Күйдіріп барады тілімді.

- Сізге үлкен жақсылық жасап жатырмыз, ертең тағы кеп тұрасың әлі,- деді Ақаң.

Аузын арандай ашып тұрғандықтан, сілекейі езуінен шүбырып сала берді.

- Ал, жалаңыз. Тек басқа жеріңізге шашыратып алмаңыз.

"Жоқшылық не жегізбейді деген. Мен не істеп жатырмын өзі" деген ой жүйке-жүйесін шарлап өтті. Бірақ, көз алдына "қайдан тапсаң, одан тап" деп қабағы бір ашылмаған қатыны мен екі баласы көлбеңдеп тұрып алғаны. Қойды көрген қасқырдай сілекейін шұбырта келіп, былқып тұрған ыстық алтынға бетін төсей берді де басын оқыс көтерді. Ана төртеуі көз айырмай бұның жан арпалысынан ләззәт алып тұрғандай. Басын көтеріп алғанда бір-біріне қарап, иек қағысып, ымдасып қойды. Жон арқасы мен маңдайынан тер бұрқ ете түскен ол,- тозақта да бұлай қиналмаспын деп тұрды да, еппен еңкейіп су қармаған шағаладай, сап-сары сұйық алтынды тілінің бетімен сипап өте шықты. Псыр еткен дыбысты өзі анық есті де құмығып шыққан ашты дауысымен қойманың шатырын түсіре жаздады.

- Аузыңды жаппа, аузыңда жаппа, таңдайыңа жабысып қалады, сәл суысын деп төртеуі төрт жақтан айғайлап жүр. 

Тілін қолқасымен лоқ еткізген ашты күйік кеудесін қуырып жібергендей болды. Жүрегі дүрсілдіп, өне бойын суық тер басты да кетті. Құлағы шыңылдап, танауы делдиіп шалқасынан жатты да қалды. Қанша жатқанын білмеді, Дүкең келіп түртіп тұрғызғанда ғана өзіне келді.

- Ағасы, аз жатқан жоқсыз. Әкеліңіз алтыныңызды өлшеп құнын шығарайық. 

Жайлап тұрғызда да, тілінің үстіндегі алтынды еппен қопарып алып өлшеді. 

-  Тәлейіңіз оңынан екен, қырық грамдай алтын аз емес.

- Ал, сана деді Дүкең.

- Миллионға таяу ақша болады деді Ақаң. Сосын емделуге тағы үш жүз мың берейік.

- Жақсы деді Дүкең.

Қолына сатырлатып отырып миллион үш жүз мың теңгені ұстатты. Қолындағы ақшаға бір, ана төртеуіне бір қарап қойып түсініксіз көзбен қалтасына басты.

 - Шарттарың не деп айтайын деп еді қолдырап кеткен тілі сөйлеуге жарамады. Телефонға жазып көрсетті.

Төртеуі қарқ-қарқ күліп алды да. 

- Шарт қазір емес, әлі келесің. Мақұл десең сізге оған дайындалудың тәсілін айтамыз деді.

- Ойбай жоқ. Келмеймін. Сендерді көрсем көзім шықсын деді. 

Төртеуі тағы күлді. Мәкең жайлап қасына келді де:

- Жүріңіз, сізді шығарып салайын деді.

Екеуі сыртқа шыға бере Мәкең оған:

- Үйде кішкентай бала бар ма деді ол.

Бұл бар деді.

- Онда сізге дайындалудың тәсілін айтайын. Келесіде келсеңіз біз сізге бағанағы дәріні бермейміз. Сіз өзіңіз дайындалып келесіз. Ол үшін тіліңізді ыстық су ма, әлде басқа ма қайнап тұрған сұйық затқа матырып үйретіңіз. Суға күйген тіліңізді жаңағы балаңыздың тезегі бар ғой, сол езілген сумен суарыңыз. Солай қайта-қайта істеңіз. Күймейтін, ауырсынуды білмейтін боласаңыз, міне сол кезде ғана келіңіз. Біз осындамыз деді. 

Әңгі-тәңкісі шығып үйіне қайтты. Келіншегі бес қоңыраулатып, он хатты айдапты. Ашып оқығысы да келмеді. Не жазатынын жаттап алған. Жауап берместен гипермаркетке ызғытты. Затты алып жатыр, алып жатыр машинасының іші толуға таяпты. Рулге отырып үйіп алған затқа қарап отырды да көңілі босап кетті.

- Әкің, итке бергісіз өімір ай! Ерді езғып, батырды қатын қылған заман-ай! Мынау не сонда аш болу мен тоқ болудың кілті сан жазылған қағазда ғана болғаны ма? Бағана жоқ еді, енді міне деді де ағыл-тегіл жылады. Тілінің ауырғанына қарамай машинасында отырып жалғыздан-жалғыз армансыз өкіріп жылап алды. 

Үйіне келгенше түнгі екі болды. Бәрі жатып қалған. Сатыр-сұтыр еткізіп әкелген заттарды кіргізіп сандалды да қалды. Ақ тер-көк тер болып пакет тасып жүрген күйеуін көріп келіншегі шошып кетті. Көзін сығырайтып тұрып, ұрсайын десе оның жөні жоқ, ұрыспайын десе оның жөні жоқ сілейді де қалды. 

- Мұншама зат алатын ақшаны қайдан атптың деді іші жарылып.

Күйеуінде үн жоқ. Өңі өрт сөндіргендей, көзі қып-қызыл. Ары бірдеме сұраудан қорықты.

III

Осы қалаға келгелі дастарханы бұлай толып көрмеген қатыны шын бақытты еді. Әп-сәтте жарқырап шыға келген келіншегін көріп бұлда риза. Баларының кірбің қабағынан уайым мен жалқы аштық кеткен. Осы бақытқа жеткізген ерлігін неше күн ойласа да көңілі тояр емес, ол ерлігін қатыны қоймай жүріп сұрады. Бұл болса пәлен де, түген ыстық су ұрттап бәстесіп содан ұттым деп шынын айтпады. 

Тілі әбден ойылып күйіп қалған еді. Өңезденіп, жазылып біткенше мазасын алып жіберді. Сыртқы жарақат болса бір сәрі, тілдің жапырақтанып күйіп түсуі деген оған жеңіл соқпады. Қашан жазылғанша келіншегі сүйық сорпаны жүтқыншаққа түтікпен төте айдады. Сонда да шайнап жемегесін ас ас бола ма. Он бес күннің ішінде көзі шүңірейіп, құлағы қалқиды да қалды. Тілі жұмысқа бармаудың жақсы сылтауы болды. Жатып-жатып қайдағыны ойлай бастады. Бала-шағасымен каперсіз қыдырған, базарлатқан күндері өзіне сондай ыстық, сондай жылы сезілді. Өз-өзіне сенімді болып, келіншегі де қабағына қарайлай қалған секілді болып көріне бастады. Алтынның дәмі таңдайына қайта қайта кеп, алтын ақша сенде не құдірет бар деген ой көңілін қаумалай бергені. 

- Ай, қатын мен тағы бәске барамын, соған дайындаламын ау.

- О несі тағы. Осы тартқаның жетпеді ме? Бірінші денсаулық емес пе.

- Міне жатқаныма жиырма күннен асты, әлгі тапқанның да түбі көріне бастаған шығар.

- Бар, жетеді бірер айға. 

- Одан кейін не істейміз.

- Жұмысымыз бар ғой.

- Пәтер ақы міне тағы келе жатыр. Кредитті де толық жаппадық. Тәуірлеу машина алып алсам, кішкентай болса да үй көшсек деймін.

- Оның дұрыс қой, бірақ қашанға дейін денсаулығыңды құртып бәстесе бермексің?

- Ол дайындыққа байланысты. 

- Білмеймін, айналып келіп өзің шешесің. Отағасы өзің. Өшіретін де, өсіретін де өзің.

- Сол үшін ғой, мен дайындалам. Бірақ сен сұрама және таң қалма, кедергі келтірме

- Жарайды, Әкесі-ау!

Құрғырдың тілі зорға жазылды. Тілі қалпына келді ау дегенде,  кішкентайының құмалағын алды да суға жақсылап езіп ерітінді дайындады. Сосын көп ойланбастан, бұрқырап қайнап тұрған ыстық суға тілін тықты да жіберді. Қолдырап шыға келген жұмсақ ұлпаны әлгі дәрі ерітіндіге малып біраз тұрды. Тағы он бес күн жатты. Ептеп жұмысына да барып келіп жүрді. Кезекті "ем шарасын" он алтыншы күні кешке істеді. Бұл жолы сәл жеңіл болғандай болды, бірақ тағы он күн жатты. Он бірінші күн істеді, бір апта жатты. Басында лоқысып, қидың дәмі аузын алып, қолқасын қабатын еді. Келе, келе нәжістің дәмі үнай бастады ма, алдын таңдайын жарып кете жаздайтын, қоңырсыңан сасық иіс мұрнына хош иістей әсер ете бастағандай болды.

Келіншегі аң-таң, сұрама дегесін жындының қылығын істеп, баласының құмалағымен тілін суытып жүрген күйеуінің ісіне жіп таға алмай-ақ қойды. Соңғы "ем шарасында" ыстық дүние еш әсер етпеді. Тілінің асты үсті күйіп-күйіп қатайғаны соншалық, жұп-жұмсақ ұшы қарайып, қайқиып қалғандай болды.  Бір қарағанда түрпідей қатты сиырдың тілі ме дерсің. Әлде баспен бірге піскен ешкінің тілі ме дерсің. Кейбір жері адамның тезегі секілді сары қоңыр, кейбір жері қаралтқым тартқан, ол аздай дәм сезуден мүлде қалып тіпті сөйлегенде кейбір дыбысты бұзып айтатынды шығарды.

Ол өзінше бәріне дайын секілді. Күннің сәті деп сәрсенбі күні кешкісін алдыңғы әдіріске тартып отырды. Келсе төртеуі өзін күтіп отырғандай, қанша уақыт өтсе де, еш өзгермеген қалпы, күні кеше көргендей таңырқамастан қарсы алды. 

- Келетініңізге шүбәсіз сендік! деді төртеуі жарыса. Мәкең келді де тілін тексерді:

 - Керемет! Мынадай тілмен сіз бес рет істей аласыз. Ол аз табыс емес.

- Сонда бес лет жалауға бола ма?

- Әрине, тіліңіз жараса, неге жалай бермейсіз. 

"Ойпырм-ай! Бес рет дейді, әр ретінде миллионды жұлып алсам, мынау деген нағыз батпан құйрық қой" көзі жайнап, бетіне қуаныштың лебі ойнақтап шыға келді.

- Ал, утеуі қалай сонда? Шалтталыңды айтпадыңдал ақылы.

- Қайнап тұрған алтынды жалағанда, басқа талап одан қиын болып па? 

- Әй, біл мың болғыл балалал екенсіңдел! Сендім сенделге, сендім!

- Келіңіз,- деді Ақаң.

Ішінде байлық қайнап жатқан өзіне таныс ыдыс. 

- Дайынсыз ба,- деді Дүкең

Бұл басын изеді. Тағы да өткендегідей еңкейіп келе жатты да жалап өтпей, су ішкен тауықша тілін сүйық алтынға шеберлікпен тік сұқты да алды. Пысыр еткен дыбыс пен бірге еттің күйген таныс иісі мұрнына кептелді. Сәлден соң беткі қатты бір қабатын жүлып түскен, сүйірленген іші шүңқыр алтын тіл кір тастың үстінде жатты. Мәкең тілге қарады. Бас бармағын шығарды. 

- Енді жалаңыз, жаңағыдай болмайды. 

- Оған енді тілім жаламайды. Енді тек жалаймын.

- Дұрыс.

Бұл жолды да қатты қиналған жоқ. Бірақ, қатты ыстықтың тілдің ішкі жағын қыздырып бара жатқанын сезді. 

- Сәл демалып алыңыз. Асығыстық жоқ,- деді Ақаң.

- Әлгі дайындағын балзам суыңызды ала келмепсіз. Осындай да суытқанға жақсы көмектеседі. 

- Е, ол қалды ғой. Енді үшеуге былай да шыдайтын секілдімін. 

- Ал, жақсы, кеттік ендеше.

Көл бетінде қалықтап ұшқан қырандай, қайнап жатқан сұйық алтынды тілімен бір қарпып өтті. Еттің қоңырсыған иісі ауыз қуысын алып кетті. Әр жол алтын қарып түскен сайын, тілі жұмсап, сәл икемге кегендей болып қалды. Төртінші жолы тіпті ыстық судан қалған сары, қара қотырдың біразын алып кеткендей болды. 

- Ал, ағасы, осы жолы жұмысыңызды сәтімен бітірсеңіңз сізге біз өз шартымызды айтамыз. Ол келесі сатының талабы негізі. Егер оны орындамаймын десеңіз қазіргі тапқаныңызбен қайта берсеңіз болады. Бірақ одан кейін сізге есігіміз жабық болады. Таңдау өзіңізде деді,- Атакең.

Көз алдында тілдің неше тұрлі формасын жасап, кірде алтын тілдердің бөлшегі жатыр. Санасаң біраз ақша. Бірақ, бәрібір түбегейлі жағдайын шешуге жетпейді. Осыған дейін келген екен, енді несін кері шегінем,- деп ойлады ол. 

- Менде таңдау бар ма бұл өмірде, ары қарай жалғастырайық.

 - Ал, бастаңыз.

Тілі бағанағыдай емес аши ма, күйе ме, ауырсына бастаған. Шып-шып етіп шығып жатқан терлер, екі самайынан кеудесіне құлауда. 

- Ап, бисмилда деді де,- сары жалқын бу шығып жатқан қоп-қою алтынды кезекті шалып өтті. Тілі ең алғашқыдай қуырылып бара жатқандай болды. Ақаң келді де тіліне жабысып, қатуға айналған алтынға қосып бірдемені сөзып тұрып сыпрып алғандай болды. Тілі бейне қауашағын жарып шыққан көбелектей сыртқы бір қабат терісінен ада болып шыға келді. Мәкең келді де оның тап-таза, жұп-жұмсақ тілін көрді де, Дүкеңе қарап бас изеді. 

- Ап-бәрекелді ағасы деді төртуі риза бодып. Өзіңізге берген орайды бос жібермедіңіз, есесіне қаншама рыздық таптыңыз. Дүние табу деген оңай емес. Солай емес пе?

- Ал енді, деді былқып тұрған тілімен бірге миыда қайнап, - енді не істеймін? 

- Келісім бойынша біздің шартты орындайсыз.

Ол үнсіз бас изеді. Сұрауға, тайталасуға дәрмені жетпей.

Дүкең бетіне бедірейіп қарап тұрды да, асықпай белдігін шешті. Сосын шалбарын жәймен төмен түсіріп, түйеден түскендей:

- Артымды жалайсың,- деді.

Ол көз алдында болып жатқан суретті қабылдау мен түсінуге біраз уақытын сарып етті.

- Не дейсің?

Алдына кеп, теріс қарап шөге барген Дүкеңді қара көттен теуіп кеп жіберейін деп еді, қаумалап тұрған үшеуі шап беріп ұстап қылтадан қағып қалып, дәу жамбастың артына тізерлете қойды.

- Бәсе, басында жылмаңдағандарың жаман еді. Андай немелер екенсіңдер ғой.

- Доғар сөзді, деді Ақаң. Сіз не үшін екі сөйлей бересіз. Жігітше уәде беріп, қол алысқаныңыз қайда? Ендігісі қайнап тұрған алтынды жалаудан қиын болып па? Тегін дүние жоқ. Өтеуі осы ағасы. Егер қазір айтқаныңздан қайтсаңыз не өлесіз, не өткендегімен бүгінгі тапқаныңды екі еселеп қайтарасыз. Мынау қайнап жатқан алтын негізі сіздің емес өзгелердің рыздығы, сіз соған қол сұғып, орынсыз, ерте пайдаланып жатырсыз. Қол сұққан екенсің оған кепілдік осы Артты жалау. Басқа амалың жоқ. Ойланыңыз? Ал, артты жалағасын, тасыңыз бірден өрге домалайды. Оған мына үшеуіміз кепілдік береміз. Өткенде суретін көрген кісілердің қай-қайсы қазір жағдайы нашар. Алды тіпті елдің ең жоғары деңгейіне дейін көтерілді. Қанша өмірің бар? Енді қалған қысқа ғана өмірді қайыршы кепте өткізбексің бе? Бала-шағаң ше? Қатының қалай қарайды? Балаларың болашағы не болады? Оларды мына түріңмен жеткізем деп ойлайсың ба? Біз сенің ертеңің не болатынын анық көріп тұрмыз. Ал, ендеше іске кірісіңіз!

Төбеден шоқпар емес, күрзімен қойып кеткендей сылық етіп тізе бүккен жеріне отыр кетті. 

- Ай, әкің ай! Ай, әкің! Бүйткенше тумай ақ қойса нетті анам! Мына күнге жеткізген кім, өзім бе, әлде ана жалағыштар ма? Не үшін жетпей кетті, құрғыр дүние? Кең емес пе едің? Бар емес пе едің? Көп емес пе едің? Бұл қайдан шыққан жосын? Басқа жолды тар қылған, өзі шыққан жолды заң қылған недеген әділетсіз жол бұл? Ай, жігіттер-ау! Бауырлар! Басқалай әдіс-тәсіл, жол-жоралғысы жоқ па сонда? деді көзі жәутеңдеп.

- Жоқ, ағасы, деді түрлері түнеріп. 

- Болды, өлтіре салыңдаршы.

- Ойланыңыз! Өлсеңіз не атың жоқ, не затың жоқ. Тіпті ертең-ақ балаң ұмыт қалдыратын сорлы біреу боласыңда кетесің. Ізім-қайым жоқ, Алла акбәр, біреусің. Түсіндіңіз бе? Ал, біздің шартты орындасаңыз ертең кеште минтстірдің орынбасары болып қонжиясыз да отырасыз. Ары қарай кете бересіз өсіп. Білсеңіз, сізге бақыт есігін ашып тұр, оны сіз қағып кіргіңіз жоқ.

Баста байқамапты, дау екі бөксенің ортасындағы нұктенің сонша аппақ, сонша таза екеніне көзі еріксіз түсіп кетті. Төрт аяқтап тұрған Дүкең:

- Бастай ма, бастамай ма мынау. Келістік қой баста. Енді несін ойланасыз. Күйіп тұрған алтынды бір емес, бес жаладыңыз. Оның қасында ендігіңіз еркелік. 

- Бұрын көрмеген дүниені көріп жатырмын, мыналарың миға сыймайтын дүниелер екен деді дауысы мыңқылдап.

- Тізем талып барады. Тек сіз емес, барлығы жалаған бұл жерді. Сасық намысыңызды лақтырыңыз. Сізге ғаламат орай беріп тұрмыз.

Өзінің қатып қалған рулі секілді, басы кекжиді де қалды. Бірақ, арттағы үшеу басынан, желкесінен итеріп Дүкеңнің артына танауын әкеп тақады. Неге екенін ауызы жыбырлып, тілі өзінен өзі алға ұмсына ма, бір бәле. Екі ай бойы тілімен ғана алысқан ол тілінің өзіне бағынбайтын деңгеге дейін жеткен қозғалысын көріп таң қалды. Әлде әдет болып кетті ме екен. Жұп-жұмсақ, алттынның буынан шықан балғын тіл нүктені бірден тапты. Ах, деген Дүкеңнің дауысы шығып кетті. 

- Міне, осы осы ғой біздің іздеген жалағышымыз. Өне бойы дірілдеп, өзіне еге бола алмай бара жатқандай. 

Ал, алтын жалаған тіл артты да сыбағасыз қалдырмады. Бір кезде сүйсініп кетті ме, Дүкең көк шөпке тойып іші аққан сиыр секілді, нүктесінің аузын ашып сүп-сүйқыл нәжісін оның аузына қарай құйып кеп жіберді. Ол  сасып қалып лоқысып, құспақ болып еді. Мәкең желкесінен тіреп:

- Жұт, жұт деп зекіді.

Бұл тағы таң қалды нәжіс болса да еш иісі, дәмі жоқ. Ол жапалай берді, бұл жұта берді. Жұтқан сайын дүние кеңіп, тар әлем табанының астында түскендей сезім толқынына батты. Бір кезде құнары жоқ, құны жоқ тезек бүкіл ішек қарнын толтырып болып, артынан қалай шығып кеткенін байқамай да қалды.

Алдыға, Дүкеңе қарап еді, Дүекеңнің денесі жайылып дүн-дүниені алып кеткендей ме, ішінде не жоқ, бәрі бар, бәрі бар. Басы алыстан, бірақ анық көрініп, өзіне күлімсіреп қарап тұр екен.

Ол бойына сіңген нәжіспен бірге, нәжіс өмірдің рахатын сезгендей ме. Оның ендігі өмірлік ұстанымы, қалай болса да, не болса да Дүкеңнің Артын жалау.

 06.09.2022 ж


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар