Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
І «Рух» халықаралық әдеби конкурсы жарияланды!

17.11.2017 3519

І «Рух» халықаралық әдеби конкурсы жарияланды!

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Әдебиет порталында» онлайн түрде І «Рух» халықаралық әдеби конкурсы жарияланып отыр.

Аталған конкурс ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген мәселелерді жүзеге асыруға атсалысу, қазақ әдебиетін әлемдік деңгейде насихаттау, қазақстандық және шетелдік қаламгерлер арасында өзара байланыс орнату, ұлттық сананы жаңғыртудағы әдебиеттің рөлін арттыру, жас ұрпақтың бойында төл әдебиетімізге деген қызығушылықты күшейту, ақын-жазушылардың қоғамдағы беделін арттырып, ұлттық сананы жаңғыртудағы қаламгерлердің рөлін нығайтуды көздейді.

Конкурстың жүлдесі қомақты және төмендегі номинациялар бойынша жарияланып отыр:

- проза жанры бойынша: роман, повесть Гран-при - 2 млн. теңге; 1 орын – 1 млн. теңге;

- проза: әңгіме, эссе Гран-при - 2 млн. теңге; 1 орын – 1 млн. теңге;

- поэзия: поэма Гран-при – 2 млн. теңге; 1 орын – 1 млн. теңге;

- поэзия: топтама өлеңдер – Гран-при – 2 млн. теңге; 1 орын – 1 млн. теңге;

- драматургия Гран-при – 2 млн. теңге; 1 орын – 1 млн. теңге;

- әдеби сын Гран-при – 2 млн. теңге; 1 орын – 1 млн. теңге;

- поэзия (балаларға арналған өлеңдер) – Гран-при – 2 млн. теңге; 1 орын – 1 млн. теңге;

- проза (балаларға арналған прозалық шығармалар) – Гран-при – 2 млн. теңге; 1 орын – 1 млн. теңге.

Конкурсқа қатысуға қойылатын талаптар мен қатысуды ресімдеу, конкурс нәтижесін қорытындылау туралы шарттармен «Әдебиет порталының» (http://adebiportal.kz/kz/ruh) «Арнайы жобалар» айдарынан егжей-тегжейлі таныса аласыз.

Дәстүрлі түрде өтіледі деп жоспарланып отырған конкурстың биылғы қабылдау мерзімі тығыз (5-желтоқсанға) екендігін ескере отырып, жүлдеден дәмелі қаламгерлердің ширақ қимылдауларын сұраймыз!

Қаламы жүйрік, талғамы биік, таланты кемел қаламгерлер қауымы!

Рухымызды асқақтатып, рухани жаңғыруға үлес қосар сүбелі туындыларыңызды жолдауға асығыңыздар!

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Adebiportal@gmail.com 8(7172) 79 82 12 (ішкі – 112)


Теги: Рух, рухани, жаңғыру, конкурс
(0)
Пікір қалдыру:
Captcha

Ең көп оқылғандар