Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
«Алып Абай. Конгениальность. Congeniality» атты кі...

«Алып Абай. Конгениальность. Congeniality» атты кітаптың таныстырылымы өтті

05.12.2025

3563

«Алып Абай. Конгениальность. Congeniality» атты кітаптың таныстырылымы өтті - adebiportal.kz

Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойының қорытындысы ретінде ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, әдебиеттанушы Сауытбек Абдрахмановтың «Алып Абай. Конгениальность.Congeniality» атты кітабының таныстырылымы өтті. 
 
Шараны белгілі айтыскер ақын, филология ғылымдарының докторы, Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай жүргізіп отырды.

Кітаптың таныстырылымына Мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдерімен қатар қаламгерлер қатысты.
 
«Алып Абай» кітабы – тұтастай Абай аудармашылығына арналған тұңғыш кітап. Осы уақытқа дейін Абайдың аудармашылығына қатысты 1954 жылы Зәки Ахметовтің «Лермонтов и Абай» атты зерттеуі ғана шыққан болатын. Ол кітапта Абайдың Лермонтовтан жасаған аудармалары  айырықша талданған енді. 

Ал С. Абдрахмановтың бұл кітабында Абай аудармалары түгелдей дерлік қарастырылған. Атап айтқанда Пушкин, Лермонтов, Крылов, Гете, Байрон, Шиллер, Мицкевич, Полонский Дельвиг, Буниндердің  өлеңдері назардан тыс қалмаған екен. 

Кітап үш тілде – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарық көрген. Көлемі – 600 бетті құрайды. 

Бұл биылғы Абайдың 180 жылдығына орай жарыққа шығып, оқырманына жол тартып отыр. Ерекше еңбек абайтануда ақынның аудармашылығын зерделеуде сүбелі үлес екендігі сөзсіз.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan