Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ПОЭЗИЯ
Андрей Сен-Сеньков: ҮШ УАҚЫТ ТАМАҚТАНУ РЕТІНДЕГІ А...

15.02.2017 3897

Андрей Сен-Сеньков: ҮШ УАҚЫТ ТАМАҚТАНУ РЕТІНДЕГІ АФРИКА

Андрей Сен-Сеньков: ҮШ УАҚЫТ ТАМАҚТАНУ РЕТІНДЕГІ АФРИКА - adebiportal.kz

Кез-келген поэтикалық аударма – оқиға. Әсіресе, аудармашының поэзия тіліне тән емес дүниелер аударылатын болса. Андрей Сень-Сеньков өлеңдерінің қазақшаға аударылуын да осындай дүние деп айтуға болады. Формалды жағынан басқа мәселе, верлибр қазақ поэзиясында әлдеқайда сирек кездеседі, бұл жерде образдың ерекше ішкі мазмұны және тақырыптық жаңашылдығы бар. Сен-Сеньков заттарға зер салып қарайды, оларды ұсақ-түйегіне дейін ыдыратып, қайтадан жаңа зат жинақтайды, сол арқылы бізге заттың артынан адамзаттықты көруге мүмкіндік береді, ал заттардың өзіне қандай да бір өзгеше қолданылу қалпын береді. Олар тірі және адамдармен тең құқықта, қатар өмір сүріп жатқан тәрізді. Бұл қазіргі заманғы жағдайда бір жағынан шындыққа айналған, кім көбірек тірі және толығырақ өмір сүреді, сенің көршің Берік пе немесе ол қызына сатып алып берген қуыршақ Барби ме? Сен Берік туралы ештеңе білмейсің, бірақ, дүкен сөрелерінде, сенің санаңда қандай болмасын әсер қалдыратын миллиондаған Барби қуыршақтарын кездестіресің. Мен аударманың қазақтілді оқырманды қаншалықты байытатынын білмеймін, бірақ, бұл аударма қазақ авторларына  өз тілдеріне тән емес, бірақ ана тілінің аясында болуы мүмкін образ құрылымын және поэзияға деген қарым-қатынасты көруге мүмкіндік береді. Сондықтан осы үшін аудармашы Ануар Дүйсенбиновке үлкен алғыс айтуымыз керек. 


Павел Банников



ca71f5fe4fbd6aad88d688182daf4d0e.jpg





ҮШ УАҚЫТ ТАМАҚТАНУ РЕТІНДЕГІ АФРИКА



таңғы ас


бұл жерде жаңбыр жауатын болса

ұзақ жауады

бұл —

тұнық қан құю


түскі ас


бұл жерлік (мүлде бейжерлік)

елесті жәндіктердің көбі

сәнді үзілген жыныстық қатынас

кезінде

салынғандай


кешкі ас


африкада ақ нәсілді құдайдың іші пысады

сондықтан оған біреу келетін болса

ол

есіктің артына тығылады да

өтірік бала бола қалып

ермектейді

және дауысын өзгертіп

былай дейді:

«аша алмаймын.

ата-анам

үйде емес»



ФОТОҚАҒАЗ. ӨНДІРУШІ ЕЛ — EU


екі күнге толған, көзі бүргелі, соқыр марғау

көзі ешқашан ашылмайды

ол, аурудан шаршап, көзбен көре алатынын

аңғара алмайды

бала кезімде анам қой көзді

қоңыр деп айтқанымда әрқашан түзететін

ең болмаса осы марғаудың көзі

қоңыр болсыншы?


*


ұйықтар алдында сыйынып отырған олигофренбалаға

тазалап жуылған тәрелке сәулесімен қоршалған,

керіліп шегеленген donaldduck елестейді

айтпақшы, ертең мейрам

кешкі асқа үйрек әзірленеді

бала дәмді тамақ ішеді

алақанына білдірмей түкіретіні — шеге


*


соқыр словендік фотограф

соқыр әйелдің суретін жасауда

олардың арасында қазір пайда болатын нәрсені белгілеу үшін

сөз шығару керек

ол сөздің бүкіл еуропалық тілдерінде

дауыстап айтқанда

екі рет қайталау салты болуы керек


*


жүзі керемет әсем жалғыз аяқты әйел

шаштаразда отыр

ол

шашын былай реттетуде:

денесінің ассиметриясы

аласа бойлы еркектерді

басында қызықтырып,

бірақ артынан жалықтыратын

жерге де ұласады


*


көзін шел басқан қарт

катарактасы

кішкентай ақ шапанға ұқсайды

қаласаңыз оның көптеген қалталарын көруге болады

олардың ішіндегісінің

титтей болғаны сонша

ол әлі туылмағандай


БАРБИ ҚУЫРШАҒЫНЫҢ ЕҢ ІШКІ КИІМІ


*


кейде

көйлегінің астында

кейін

қыздарды

ойыншық кеңес гинекологтарының

жұмсақ табаншаларын

сүйгізетін

әйелді табуға болады


*


барбидың соңғы үлгісінің

пластмассасының жұмсақтығы сонша

оның бетінде

ішкиімнің ізі қала алады

әрине,

егер қуыршақ

біреудің тізесінде ұзақ әрі ыңғайсыз отырса


*


бұл әйелдің ішінде

шағын америкалық қалалардың полицейлері

жалақысын алатын

нәрсе

бар


*


бәрі барби үшін жиынтығында

титтей нәрсе бар,

оның мақсаты бірден түсініксіз

оның осында неге тұрғанын

аңғарған кезде

қуыршақ

лап етіп

ол нәрсені

қолыңнан жұлып алады


*


ол түсіме ешқашан кірген жоқ

есесіне

адал,

үміттендірмейтін,

бітіскен саусақтары бар

жетпісінші жылдардағы мәскеулік қуыршақтар кірген


МӘСКЕУ МАРҒАУЫНЫҢ НӘЗІК СҮЙЕКТЕРІ


шағын

қалалардың

кітап

дүкендерінде

бұрыс

айтылған

орыс

сөздерінің

сәлсәл

қорланған

бұрыштарында

тығылатын

жұрнақтарға

арналған

қысқаштар

сатылады


*


роберт

фросттың

кез келген

өлеңінің

төбесінде

аталымның

орнында

әрқашан

ішінде

электрдің

керемет

сюжеттері

бар

шам

ілулі

тұрады


*


күйеугіе кеш шығудың

ландшафт

дизайны:

екі

бөлмелі

аппақ

көйлек,

ол

бөлмелердің

біреуінде

неке

түні

болмайтындай

қылып

тігілді


*


сегіз жасар

троцкий:

бала

пепсиколаның

көмейіне

кіріп кеткен

қызыл

альпенштоккөпіршіктері

кесірінен

өгелі

жатыр


*


Ю. К.

есімді

әйел

ішінде

дүниенің

жіңішке

жағына —

өңтүстікке

ұқсайды

өкінішке орай

қасында

әутеуір

әлдеқайда

басқалар да —

сөлтүстік,

бәтіс

және

шіғіс

жақтары

болуы

керек


*


көкте

танымал

клиника

бар

сенімсізсұлу

аналар

оған

кірсе

сүтпен

тамақтанатын

нәрсені

тағы

бір

рет

туғылары

келеді


*


pink floyd, “the money”:

африкалық

Хатос атты

ежелгі

мемлекетте

шақалардың

барлығы

иілген,

биттей

банандарға

ұқсайтын

олардың

күміс

Қабықтарын

біртебірте

алып тастайтын,

әрбір

сатып алынған

зат

сайын

түгел

тазаланған

шақаларды

жалғанға

балайтын


*


«новые композиторы»:

кішкентай

аққулардың

би

кезінде

таптайтын

залдан

әрең

көрінетін

ана

бір

балет

мақұлықтарды

музыкалық

тінту




dee83f92b080d3f6c5461fc0d4966b9d.jpg






Орыс тілінен аударған Ануар Дүйсенбинов

  (аудармалар "Литература без границ" 

жобасының қолдауымен орындалды)

http://www.literaturewithoutborders.lv/


фото: http://gallery.vavilon.ru



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар