Ізтай Мәмбетов
Ізтай Мәмбетов (1929-1974ж.ж.) — қазақтың лирик, эпик ақыны, журналист, аудармашы. 1953 жылы ҚазМУ-ді бітірген. «Жұлдыз» журналы, «Қазақ әдебиеті» газеті редакцияларында, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында, Қазақ КСР Телевизия және радиохабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінде, Қазақстан Жазушылар одағы поэзия секциясында қызмет істеген.
Ізтай Мәмбетов Алға өңірінің Табантал деген өзенінің бойында дүниеге келіп, туған шешесінен жастайынан жетім қалған. Көп қиындық көрген өзінің мұңын, жетім бала психологиясын «Өгей шеше» өлеңіне сыйғыза білді. Бұл өлең жөнінде жазушы Сәбит Мұқанов жазушылардың бір жиналысында: «Өгей шеше талай заман бойы әдеби шығармаларда жақсы ұғымға ие болған емес еді. Ізтай бірінші рет ол туралы керемет өлең жазды. Онда ол нағыз кісілігі жетіп тұрған әйел өгей шеше бола алмайтынын дәлелдеп шықты», — деген.
Ізтай Мәмбетов ширек ғасырлық ақындық жолында жиырмаға жуық өлең кітап жазып, әлем әдебиеті мен орыс классиктерінің қыруар маржандарын өз ана тіліне аударған іскер азамат ақын. Кезінде Ізтай Мәмбетовпен тұстас өмір сүрген замандасы белгілі қазақ ақыны Ғафу Қайырбеков ол туралы: «Оны замандастары мен біз көбірек білеміз. Оның ақ көңілділігі, баладай тәуекелшіл сенімшілділігі, ер-жомарттығы, тура кететін шыншылдығы — бәрі жұртты еріксіз баулап әкететін қасиеттер еді», — деген.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2616
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2616
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
