Жас Вертердің қасіреттері
Тұңғыш рет неміс тілінен қазақ тіліне тікелей аударылып, оқырман қауымға ұсынылып отырған бұл роман - ұлы ақынның небəрі жиырма бес жасында жарық көріп, оның есімін əдебиет сүйер қауымға кеңінен танымал еткен туындысы. Автордың ой толғамдары, сөз қолдану мəнері айрықша. Жас жігіттің өмірден баз кешуіне себеп болған махаббат сезімі мен адамдар арасындағы рухани тоғышарлыққа наразылық жайында сыр-толғау оқырманды бейжай қалдырмаса керек.