Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
СОЛАҚАЙЛАР КЛУБЫ
Бір-біріне сойып қаптап қойғандай мың ақын, мың жа...

21.09.2018 5410

Бір-біріне сойып қаптап қойғандай мың ақын, мың жазушы ортамыздан өрмей қайтсін?!

Бір-біріне сойып қаптап қойғандай мың ақын, мың жазушы ортамыздан өрмей қайтсін?! - adebiportal.kz

«Солақайлар» деген әдеби клуб ашылғалы біраз болды. Бұған дейін шама-шарқынша әлем әдебиеті, мәдениетіне елеулі өзгерістер жасаған тұлғалар, тұлғалар туралы мақалалар, сұхбаттар, жаңа эстетикалық кеңістік жайында көптеген еңбектерді аударып, қазақ тілді аудиторияға ұсынды. Ол дүниелердің бәрі сайттарда, басылымдарда жарияланды. Оқырманын тапты, оқығанды толғандырды. Енді «Әдебиет порталы» мен «Солақайлар» клубы бірігіп, бұл бастаманы онан ары жандандырмақ екен. Әрине, құптарлық іс.

Бізде көркем шығармалар аз да болса аударылады. Бірақ жоғарыда атап өткендей «Солақайлар» барған тақырыпты қазақшалағандар өте аз. Оның себептері де жоқ емес. Біріншіден, ізденістегі тұтынушы орыс тілінде самсап тұрған ол дүниелерді «оргинал» оқып, қажетін алады. Ары қарай аударуға құлқы да, уақыты да жоқ. Екіншіден, екіншісінің жайы түсінікті. Айтатыны – «бізде бәрі бар, Азаулының Стамбұлдан несі кем?!». Енді бір-біріне сойып қаптап қойғандай ұқсайтын мың ақын, мың жазушы ортамыздан өрмей қайтсін. Неге бізде (ақын-жазушыларда) эстетикалық жаңару жоқ? Қайтпек керек? Әрине, есік-терезені ашып, тар бөлменің ауасын алмастырғандай, пайым, түсінікті де жаңартып отыру ләзім. Оған қыруар қор керек. «Солақайлар» соған еңбек етеді.

Ырысбек Дәбей,

Ақын-жазушы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар