Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
СӨЗ ДАУЫСЫ
Жәлел Қуандықұлы: Үнсіз қалуға арым жібермеді...

26.04.2017 3305

Жәлел Қуандықұлы: Үнсіз қалуға арым жібермеді

Жәлел Қуандықұлы: Үнсіз қалуға арым жібермеді - adebiportal.kz

"Әдебиет порталына" жарияланған Тоқтарәлі Таңжарық ағамыз бен Арман Әлменбет бауырымыздың ой-пікірлерін оқып шықтым. Өзімнің баяғыдан бері ішімде жүрген бір арманым бар еді. Ол 80 жылдардан бері қарайғы (оған дейінгілері аударылған аз болса да) қазақ әдебиетінің озық үлгілерін өзбек, қарақалпақ тілдеріне аударылуына атсалыссам деген ізгі мақсат болатын. Өйткені Мұқағали, Төлегендерден кейінгі буыннан бастап ақын-жазушыларымызды олар онша біле бермейді деп ойлаймын. Қарағандыдағы ақын замандастарым да бірнеше рет қолқа салған еді. Қарақалпақстанда туып, қарақалпақ, өзбек тілдерінде білім алғанғандықтан және сол бауырлас елдердің менталитетін жетік білгендіктен бұл дүниелер маған қиындық тудырмасы анық. Қала берді қолдау көрсететін алдыңғы толқын ағаларымыз да бар деп ойлаймын.

Сол жақта тұратын қаншама қаракөз қандастарымыздың бар екендігін ескерсек, бұл өте өзекті дүние. Егер Жазушылар Одағы болсын, басқа да ағаларымыз тарапынан болсын осы шаруаға қызығушылық танытатын болса өз басым білек сыбанып кірісуге әзірмін. Ақынның миссиясы тек өлең жазумен шектелмесе керек. Мен мұны өз азаматтық парызым деп білемін. Өзбек ақындарының жырларын ептеп-ептеп аударып жүргенім де өтірік емес. Үнсіз қалуға арым жібермеді. Ұлттық әдебиетіміз үшін білек сыбанып қызмет ететін сәт туған секілді... Әрқайсымыз осылай әдебиетімізге өз үлесімізді қосуға талпынсақ, алынбайтын қамал жоқ деп ойлаймын. Ол жақтағы қандастарымыз тарапынан біздің 80 жылдан бері қарайғы інжу-маржандарымыз үлкен сұранысқа ие болатынына мен өзім кәміл сенемін. Егер аударма ісі сәтті жалғасын тауып жатса, ауыз әдебиетінен бастап қайта аударсақ та көптік етпейді ғой. Сондай-ақ аударылып жатса, қандастарымыз тарапынан сол авторларға деген қызығушылық оянып, қазақ тілінде оқуға талпынарлары сөзсіз. Біз осылай ұлттық құндылықтарымызды көрші мемлкеттердегі қандастарымызға да қолжетімді қылған болар едік. Сонымен қоса шығармашылық қарым-қатынас орнап, құлшыныс, талпыныс пайда болып, жаңа-жаңа жауһар туындылардың өмірге келуі де ғажап емес.. Мұның өзі бір ізденіс қой қарап отырсақ. Ізденіс, талпыныс бар жерде нәтиже де болары анық.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар