Айнаш Қасым
Айнаш Қасым – шығыстанушы-филолог, әдебиеттанушы, парсы тілінің аудармашысы, қаламгер, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
1974 жылғы наурыздың 8 күні Шығыс Қазақстан облысындағы Самар ауданының Бастаушы аулында дүниеге келген.
1991 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің Шығыстану факультетінің “Парсы филологиясы” мамандығына оқуға түсіп, 1996 жылы үздік бітірді.
Еңбек жолын 1998 жылы Абылай хан атындағы Әлем тілдері және Халықаралық қатынастар университетінің Таяу Шығыс елдері кафедрасында парсы тілінің оқытушысы болып бастады.
2009 жылы Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында “Абай поэзиясындағы шығыстық сарындар” атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.
2011-2020 ж.ж. – ИИР астанасы Тегерандағы Иран Телерадио бірлестігі Шетелдік қызмет торабындағы Қазақ радиосының редакторы.
«Абай және парсы әдебиеті» атты монография мен «Зүмірет» кітабының авторы.
Жаңа кезеңде парсы тілінен тікелей қазақ тіліне аудармаға жол ашып, жиырма кітап аударды. Соның ішінде балалар мен жасөспірімдерге арналған Фәрид-ед-дин Әттардың «Әулиелер шежіресін», Мұхаммед ибн Жәрир Тәбәридің «Тәбәри тарихын», Мохсен Һеджридің «Жарық жұлдыз» шығармасын, сондай-ақ, Ахмад Хатамидің «Иранның қазіргі дәуір әдебиеті» атты кітаптарын тәржімалады.
Иранның жаңа дәуір әдебиетіндегі (1921-2011 ж.ж.) көрнекті жазушылардың әртүрлі тақырыпты қамтыған он төрт көркем шығармасын қазақ тіліне аударып, «Іңкәрлік» атты жинақ шығарды.
Оралхан Бөкейдің «Бес тиын» және «Қасқыр ұлыған түнде» әңгімелері мен А.С.Пушкиннің «Барышня-крестьянка» повесін парсы тіліне аударды.
Қазақ-парсы әдеби байланыстары, Қазақстан мен Иран туралы қазақ, парсы және орыс тілдерінде ғылыми-танымдық және публицистикалық жетпістен астам мақала жазды.
Көп оқылғандар
20.10.2026
2594
21.10.2026
2496
16.10.2026
2453
20.10.2026
2406
17.10.2026
1533
17.10.2026
1488
17.10.2026
1446
16.10.2026
1353
19.10.2026
1334
19.10.2026
1187
16.10.2026
1134
17.10.2026
962
20.10.2026
959
25.09.2026
3308
15.10.2026
3131
07.10.2026
2933
29.09.2026
2731
09.10.2026
2719
20.10.2026
2594
21.10.2026
2496
16.10.2026
2453
20.10.2026
2406
09.10.2026
2156
28.09.2026
2152
30.09.2026
2091
05.10.2026
2084
08.10.2026
2048
