Өзденбаев Хасен
ӨЗДЕНБАЕВ Хасен (1904-1992) жазушы, аудармашы, Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері дүниеге келді. Қостанай облысында туған. Орынборда мұғалімдер даярлау курсын, Мәскеуде облыстық газет редакторларын даярлау курсын, Қостанай мұғалімдер институтын бітірген. 1920-1928 жылдары кеңес заң органдарында қымет істеді, 1928-1973 жылдары баспалардың редакторы болды. Әдеби қызметін 1929-1930 жылдары бастады. Қостанай округтік «Ауыл» газетінде фельетондары, очерктері жарияланды. М.Алексеевтің «Большевиктер», М.Шолоховтың «Көтерілген тың», «Тынық Дон», И.Гончаровтың «Обломов», О.Бальзактың «Шегірен былғары» романдарын, П.Мерименің, И.Вазовтың әңгімелерін қазақшаға аударды. Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романын Н.Кузьминмен бірге қазақ тілінінен орысшаға аударды, А.Мұхтардың «Апалы-сіңлілер» романын өзбекшеден, Ә.Еникидің «Айтылмай қалған өсиет» повесін татаршадан тікелей қазақшалады. «Еңбек ардагері», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2635
28.10.2026
2469
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
29.10.2026
843
26.10.2026
843
29.10.2026
791
28.10.2026
605
28.10.2026
602
29.10.2026
521
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2635
16.10.2026
2586
28.10.2026
2469
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
