Испан ақыны Федерико Гарсиа Лорканы оқыған сайын «Ақын жаны осыншалықты нәзік, тым сезімтал болар ма еді. Лорка секілді шын талант болып, бәрін жүрегіңе қабылдап, өлеңмен тыныстап қана өмір сүру оңай ма? Талантына тұсау, шабытына тежеу болған қоғамның заңына бағынбай, тек өз ережеңмен өмір сүру оңай ма? Лорканың болмысымен, тағдырымен, табиғатымен өмір сүрудің өзі қасірет қой. Өз тағдырын өлеңге айналдырып, өмірмен күресіп, бірде жеңіліп, бірде итжығыс түскен неткен итжанды ақын еді» деген ой келеді. Ақынның өлеңдерін оқып отырып, аяймын. Тәкаппар ақын ішкі жалғыздығымен алысып жүріп, «өмір сүру керек пе, жоқ па?» деп жанталасып жүріп, адамдардың өзі туралы не ойлайтынына уақыты да болмады. Оған ешкімнің аяуы мен мүсіркеуі керек болған жоқ. Ол әлдебіреулер секілді ақынның образын жасап, болмысын да, өлеңін де қолдан күрделендірген жоқ. Ол керісінше күрделіліктен саналы түрде қашты. Ақын болмай, жай қарапайым, елеусіз адам болып өмір сүруді шын ақын ғана армандай алады. Оның тағдырына ақын болып өмір сүру жазылып еді. Ал тағдырды ешкім жеңген емес. Ол өзінен, анығы ақындық болмысынан қаша алмайтынын түсінді. Тек өзінің қарама-қайшылыққа толы болмысын түсіне алмай, шаршап, жиі депрессияға түсті. Сондай сәттерде «Құдай бар ма? Егер Құдай бар болса, неге менің жанымды соншалықты қинайды. Поэзия, сен қасірет пе едің? Неге сен мені таңдадың, әлде мен сені таңдадым ба?» деп жан ұшырды. Құдай мен өзінің арасынан үйлесімділік іздеп, шарқ ұрды. Біресе Құдайды тапқандай болды, біресе одан тым алыстап кетті...
Гарсиа Лорка мен Сальвадор Дали
Шырқыраған жанын құтқарғысы келіп, басын тауға да, тасқа да ұрды. Жаны тыныштық таппаған ақын өлең жазып, ішіндегі мұңын қағазға төккенде ғана сәл сергігендей болды. Тағы да құлазу... тағы да жалғыздық... тағы да өмірден түңілу...
Есть души, где скрыты
увядшие зори,
и синие звезды,
и времени листья;
есть души, где прячутся
древние тени,
гул прошлых страданий
и сновидений.
Есть души другие:
в них призраки страсти
живут. И червивы
плоды. И в ненастье
там слышится эхо
сожженного крика,
который пролился,
как темные струи,
не помня о стонах
и поцелуях.
Души моей зрелость
давно уже знает,
что смутная тайна
мой дух разрушает.
И юности камни,
изъедены снами,
на дно размышления
падают сами.
«Далек ты от бога», -
твердит каждый камень.
Ол өз жанын түсіне алмай жүріп, өзгелердің жанын түсінгісі келетін. Өз мұңынан арыла алмай жүріп, өзгелерді мұңынан арылтқысы келетін. «Өлең – бұл маған берілген Құдайдың жазасы. Неге жаным бір тыныштық таппайды. Әлде мен қарғыс атқан ақынмын ба?» - деп күңіренді. Бодлер секілді Лорка да «өлеңді сыбырлайтын Құдай ма, әлде ібіліс пе?» деген сұраққа жауап іздеді. Жалпы бұл сұрақты әлемдік деңгейдегі ақындардың бәрі де өздеріне қойған. Мысалы, Байрон, Гёте...
Лорка – Өмір мен Өлімнің арасынан үйлесімділік іздеген ақын, себебі, ол өмір мен өлімді бірдей сүйді. Болмысы күрделі ақын өлімнен қорқатын адамдарды ешқашан түсінген емес. Лорка да «адамдар мені түсінбейді, болмысымды қабылдамайды-ау» деген ой болған емес. Өзінің еркіндігін шектемей, өзін бір қалыпқа салмай, өз қалауынша өмір сүрді.
Хочу уснуть я сном осенних яблок
и ускользнуть от сутолоки кладбищ.
Хочу уснуть я сном того ребёнка,
что всё мечтал забросить сердце в море.
Не говори, что кровь жива и в мёртвых,
что просят пить истлевшие их губы.
Не повторяй, как больно быть травою,
какой змеиный рот у новолунья.
Пускай усну нежданно,
усну на миг, на время, на столетья,
но чтобы знали все, что я не умер,
что золотые ясли - эти губы,
что я товарищ западного ветра,
что я большая тень моей слезинки.
Вы на заре лицо моё закройте,
чтоб муравьи мне глаз не застилали.
Сырой водой смочите мне подошвы,
чтоб соскользнуло жало скорпиона.
Ибо хочу уснуть я - но сном осенних яблок -
и научиться плачу, который землю смоет.
Ибо хочу остаться я в том ребёнке смутном,
который вырвать сердце хотел в открытом море.
Лорка өмірді жырлап отырып, өлімді еске салады, керісінше өлім туралы жазып отырып, жалған өмірден мән іздейді. Сол себепті, ақынның өлім туралы философиялық көзқарасы оқырманның бойында үрей туғызбай, «Өмірге не үшін келдім? Өмірден мән таптым ба? О дүниеге не бітірдім деп барам?» деген сұрақтарға жауап іздетеді. Оның өмір мен өлім туралы түсінігі бізге мүлдем ұқсамайды. Ол өмірден өлімді, өлімнен өмірді іздеді.
Я боюсь потерять это светлое чудо,
что в глазах твоих влажных застыло в молчанье,
я боюсь этой ночи, в которой не буду
прикасаться лицом к твоей розе дыханья.
Я боюсь, что ветвей моих мёртвая груда
устилать этот берег таинственный станет;
я носить не хочу за собою повсюду
те плоды, где укроются черви страданья.
Если клад мой заветный взяла ты с собою,
если ты моя боль, что пощады не просит,
если даже совсем ничего я не стою, -
пусть последний мой колос утрата не скосит
и пусть будет поток твой усыпан листвою,
что роняет моя уходящая осень.
Лорканың қасіреті сонда: оның біреуді жақсы көруі мен сүюі тым тұрпайы һәм қорқынышты еді. Жарытылысы ер адам бола тұра еркекті жақсы көруі қасірет емей немене? Осы болмысы үшін өзін сөкпеді дейсіз бе, өзін жек көріп, өзіне қолжұмсап өлгісі келмеді дейсіз бе? Нәпсісімен күресіп, өзін тапқысы келмеді дейсіз бе?
Лорка суретші Сальвадор Далимен рухани жақын дос болды. Бірі жас кезінде әлемге танымал ақын болуды армандаса, екіншісі әлемді қылқаламымен жаулауды мақсат тұтты. Лорка Далимен танысқанда алғашқы кітабы шығып, әдби ортада танымал ақынға айналған кезі еді. Поэзияны жақсы көретін, атақты болуды армандайтын он сегіз жастағы Дали Лоркаға қызыға әрі қызғана қарады. Екеуі де поэзияға, өнерге ғашық, көзқарастары ұқсас, тез тіл табысып, достасып кетті. Қабырғасына темекі исі сіңген ескі кафе, барларда поэзия, өнер туралы таң атқанша әңгіме айтып, пікір таластыратын. Лорка Далидың танымал суретші болатынын түйсігімен сезді. «Сальвадор, сен әлі әлемге танымал суретші боласың» деп жиі айтатын. «Ал сен генийсің! Әрине, мен де гениймін» дейтін Дали.
Шашы иығынан түсетін Сальвадордың кескін-келбетінің нәзіктігі, жүріс-тұрысы қызды еске салатын. Өзінің табиғатының қызға жақын екенін білетін Сальвадор да өз болмысынан қатты қорқатын. Олардың әрқайсысы өзінен қорқып, қорқыныштарын бір-бірінен жасырса да, бір-бірінің жан қиналысын сезетін.
Лорка досына «Сальвадор Далиге ода» атты поэма арнап, танымал журналға бастырып, әдеби орта жақсы қабылдайды. Лорка Далиге деген сезімімен күресіп, достық туралы поэма жазып, ішкі арпалысын жеңуге талпынса да, жеңілді. Достар аттауға тиіс емес «шекарадан» екеуі аттап кетті...
Лорка Далидың отбасында қонақта болып, оның отбасы мүшелерімен жақын араласты. Далидың әпкесі Ана Мария Лорканың шығармашылығын жақсы көретін, ақынмен кездескенде ғашық болып қалады. Әрине, сұңғыла Лорка өзін Ана Марияның жақсы көретінін білді, бірақ оған әйел ретінде қараған жоқ. Бұл кезде Дали Лорка мен Ана Марияның қарым-қатынасын сырттай бақылаумен болды.
Өзін ер азамат ретінде сезінгісі келген Дали Лоркадан кетіп, өзін тапқысы келеді. Бұл кезде суретші ретінде қалыптасқан, ұяң, жасқаншақ мінезінен арылған, өзіне сенімді Далиды Лорка ұстап тұра алмады.
Лорка бір сұхбатында журналистердің Дали екеуі туралы сұрағына былай деп жауап береді: «Біз рухани егіздерміз. Сізге дәлел керек пе? Біз жеті жыл кездеспесек те, құдды күнде әңгімелесіп жүргендей барлық тақырыпта әлі көзқарасымыз ұқсас. Дали – гений, гений!».
Гарсиа Лорканың ескерткіші, Мадрид
Лорка секілді емес, суретші ақынды мақтауға сараңдау болды, әлде онымен қарым-қатынасын есіне алып, өз жарасын өзі тырнағысы келмеген шығар.
Испанияның оңтүстігінде қарапайым адамдар өз құқықтарын қорғап, билікке қарсы көтеріліс ұйымдастырып жатқан кезде ақын халықтың ортасында болады. Франкистер 1936 жылдың 16 тамызында ақынды тұтқындап, атып, бірнеше адамды бірге көмеді.
«Гарсиа Лорканы өлтірген жоқ, есінен айырылған ақын із-түссіз жоғалып кетті» деген пікір де жиі айтылады.
Лорканың өлімін естігенде Дали егіліп, іштен тынып, тірісінде жоғалтып алған досын ұзақ жоқтапты... Қалыпқа сыймаған ақынды да, суретшіні де біздің жазғыруға, болмаса, ақтауға қақымыз жоқ. Бір білеріміз: олар тірісінде өздерін аз жазғырған жоқ, қарама-қайшылыққа толы болмыстарынан аз қасірет тартқан жоқ.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.