Қырғызстанда А. Осмонов атындағы Қырғыз ұлттық кітапханасында Мұратхан Шоқанның қырғыз тіліне аударылған "Түнгі лирика" атты кітабының тұсаукесеріне арналған поэзия кеші өтті.
Аталған кітапты филология ғылымдарының докторы, ақын Аида Эгембердиева аударған. Ақынның қырғыз жерінде өткен алғашқы шығармашылық кешіне ҚР ұлттық Жазушылар одағы төрағасының орынбасары К.Кадыракунов, қырғыз ұлт ақыны Г.Момунова, қырғыз ұлт жазушысы ақын А.Жақсылықов, Ж.Саалаев, К. Көкүлов т.б. қырғыз ақындары, манасшы Талантаалы Бакчиев және Ербол Бейілхан бастаған қазақ ақындары мен өлеңсүйер оқырмандар қатысты.
Кеште екі ел ақындарының шығармашылық байланысын бұдан ары тереңдете беретіні айтылды. "Түнгі лирика" қырғыз оқырмандарының ыстық ықыласына бөленді. Ақын бауырлас қырғыз елінен көңілін нұрға, құшағын гүлге толтырып қайтты.
adebiportal.kz
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.