Достар, біз Таласбектің шығармашылық мұрасын жариялау мақсатында демеушілер іздеудеміз және табылатынына үміттіміз. Бірақ, қашан табылады, жинақтың тиражы қандай болады? Оның үстіне кейбір демеушілер тираждың басым бөлігін кітапханаларға жібергісі келуі мүмкін, тағысын тағылар. Сол себепті, біз жазылым жариялауды ұйғардық: сіз қазір кітаптардың немесе СД-альбомның шығарылуына қаржы аудара аласыз, есесіне жарық көргеннен кейін олар кепілді түрде қолыңызға тиеді.
Бірден ескерте кеткім келеді – қаржы жинау және кітап, альбом шығару процесі ұзаққа созылуы мүмкін. Мәтіндер мен аудиофайлдар жинақталып, теріліп, тексерілген (сол үшін жобаға белсенді қатысқан Таласбектің шәкірттеріне алғыс білдіремін). Бірақ, жеткілікті сома жиналмайынша (кемі 500 дана), тиражды баспадан шығару тым қымбатқа түседі. Сондықтан, жазылғандарға біраз күтуге тура келер (дегенмен, иесі талап еткен жағдайда, аударылған ақшаны кез-келген уақытта қайтаруға дайынмын). Және жазылу бағасы арзанырақ болады: қатты мұқабалы 400-500 беттік 1 том үшін - 1600 теңге, 6-7 дискіден тұратын музыкалық СД-альбом үшін - 4 мың теңге.
Біз басылымымызды «Шығармаларының толық жинағы» деп атамаймыз. Біріншіден, жинақ толық емес. Библиографиясын түгендеуге тырысқанымызбен, Таласбектің кейбір алғашқы шығармалары кірмей қалуы әбден мүмкін. Оның өзі бұндайға онша мән бермеген, баспанасы болмай, қолжазбалары мен жарияланған дүниелерін жиі жоғалтқан. Күнделіктеріндегі жазбаларымен әлі толық жұмыс істеген жоқпын. Екіншіден, нөмірленген томдар идеясы қызықсыз, таптаурын болып көрінеді, сол себепті одан бас тарттық. Өйткені, Талас көптеген салаларда қалам сілтеген, біреулерге музыка, біреулерге этнография қызық болар, кейбіреулер қазақ тіліндегі, енді біреулер орыс тіліндегі мәтіндерді сатып алғысы келер, кей мәтіндер екі тілде бірдей болса (автордың, менің немесе Айнаш Садықованың аудармасында), кейбіреулерінің атаулары бірдей бола тұра, бір-бірінен едәуір ерекшеленеді. Бір сөзбен айтқанда, күні ертең кітап дүкендерінде сатушылардың бүкіл томдарды бір-ақ сатып алуды талап етіп, соның кесірінен оқырманның мүлде құр қол қайтқанын қаламаймын.
Сол себепті де, біз Таласбектің кітаптарын сериялық топтама түрінде шығармақпыз: 5 кітап - қазақ тілінде, 2 кітап - орыс тілінде, 2 кітап - аса маңызды аудармалары. Әркім өзіне ұнағанын таңдап, тапсырыс бере алады. Жазылым бойынша 1 кітаптың бағасы - 1600 теңге, Астанадан немесе Алматыдан өзіңіз алып кетесіз. Кітаптардың мазмұны осы жарияланымның соңында берілген.
Музыкалық СД-альбом «1000 қазақ күйі» антологиясына енген Таласбектің орындауындағы 40-тан астам күйлерді (олардың кейбірі басқа, әлдеқайда сапалырақ жазбада берілген), сондай-ақ, үйде жазылған, Гсавье Аллес, Мүсілім Әмзе, Бақтияр Аманжоловтың жеке мұрағатынан алынған жазбаларды, 1975 жылғы Құрманғазы атындағы АМК Фольклорлық зертханасы қорынан алынған жазбаны және жуырда Санкт-Петербургте қалпына келтірілген ұстазы әрі атасы Жүнісбай Стамбаевтың 1965 жылғы жазбасын (11 күйі) қамтиды. Бірқатар күйлер алғаш рет жарық көреді. Кет-Бұғаның («Жансауға», 13-ғасыр), Қотан тайшының (15-ғасыр), Сары Нияз төренің, Байжігіттің (18-ғасыр), Қызылмойын Қуандықтың, Тәттімбеттің, Сақбикенің, Қасабайдың (19-ғасыр), Жүнісбайдың (20-ғасыр), Таласбектің күйлері енген бұл жинақты шертпе күйдің антологиясы деп те атауға болады. Жазылу бойынша СД-альбомның бағасы - 4 мың теңге, Астанадан я Алматыдан өзіңіз алып кетесіз.
Бұған қоса, Таласбектің Ардаби Мәулетке үйреткен шертпе күйдің техникасы бойынша дәрістері кірген аудио және бейне сұхбат СД-альбомын шығару жоспарлануда. Бірақ, ол кейінірек жасалады.
- Талтүс
- Кәрі күйші
- Тәттімбет cері (аяқталмаған)
- «Тәттімбет cері» романның жоспары
-
- Шымдан
- Кәрі ат
- Атайы
- Арылу
- Үш аяқты ит
- Болмашы әңгіме
- Біржан сал
- Тұмар падиша
- Құнанбай
- Бекторының қазынасы
- Шатырда тұратын сүретші
- Маңғыстау жорығы (үзінді)
- Царица Томирис
- Смерть Кёкбалака
- Жезтырнак
- Биржан сал (Последний трубадур)
- Алматы-Астана
- Өгей
- Медный город (начало)
- Приложение:
- Историко-культурные комментарии к сценарию «Царица Томирис»
- Смирение (рассказ)
- Музыка
- Домбыраға тіл бітсе. Байырғы музыкалық терминологиясы хақында
- Псевдо-Таттимбет және шын Тәттімбет
- Тәттімбеттің Шығыс Түркістанга сапары
- Хат-өлең жанрының генезисі
- Топырақ пен тамыр
- Күй өнерінің болашағы
- От - өмір, өрт күй...
- Күйдің киесінде нәсіл жоқ
- Сүгір әулиеті
- Күйші Секен
- Күйші Уәли
- Қобызшы Сматай
- Шәміл күйші
- Күйші Жанғали
- Берік жырау
- Темірге қағылған шеге
- Нұрланның биік өнері
- Әнші Мақпал
- Есте қалған естелік
- Домбыранама
- Хас өнердің қадірі: Париж сапарынан соңғы жазбалар
- Сүгірдің сүрлеуімен
-
- Көне қазақ романдырының эстетикасы
- Бүгінгі жұмбақтың шешімі көне бастауларда
- Қазақтың бас сыншысы
- Асылбек Ықсанның «Автобус» әңгімесі
- Әдебиетті таланттар ғана жасайды: қазіргі прозаның бағыт-бағдары
- Аюп hәм Абай
- Абайдың ұлы жұмбағы
- Кейіпкер, автор және текст
- Көкала үйректің зары
- Василий Шукшинның «қырықыншы синонимдері»
- Коммерциялық әдебиеттің бүгіні мен ертеңі
- Жыр арқауы – тәуелсіздік
- Талғам – эстетикалық ар-ұят
- Кемеңгердің өмірінен бір үзік сыр
- Оператор жайлы аңыз
- Сұлулықта ояну
- Интертекст
- Ар мен ожданның өрті
- Сүрет сыры
- «Қауышу»
- Сәтті қойылым
- Тоғыз жолдың торабы
- Қазақ эпосы: адам рухы ілкі мағына іздеуі
- «Жылан қайыс» ырымының сипаттамасы
- Кет – Бұғаның соңғы жорығы. Көшпелі өркениеттің құпия миссиясы
- Аштық және соғыс
- Сион пайғамбарларының протоколдары: аңыз ба, ақиқат па?
- Этномадени сөздікке жазылған мақалалар
- Бастырма
- Көкбалақтың өлімі
- Боз бетеге, сұр соқпақ...
- Мысыр пирамидалары: қаланған ба, әлде құйылған ба?
- Әріп тағдыры
- Дархам сарай
- Қондыгердің бір-ақ беттік тарихы...
- Қамбар есімі
- Аңыз жайындағы аңыз, немесе ауызекі мәдениеттің пайда болуы турасында бір-екі толғам
- Төртінші Рим болмасын!
- Батыс пен шығыстың арасы
- Парижде не болып жатыр?
- Оқығам жоқ
- Эфиальттың кегі
- Уақыт үштағанын қазақы безбендеу
- «Әдебиет әфсәнәдан басталып, әфсәнәмен аяқталады» (Дидар Амантаймен сұхбат)
- «Ақшаға сатылмайтын қымбат дерт...» (Қадыр Мырзалиевпен сұхбат)
- «Көрермен театрды емес, театр көрерменді іздесін» (Маман Байсеркеновпен сұхбат)
- «Біз постмодерністік бостандыққа әзір болмай шықтық»
- Тәуелсіздік ¬– рухани азаттық
- «Біз бәріміз – Қорқытпыз»
- Біз кімбіз? Қайдан келдік? Қайда беттеп барамыз?
- Қазақ: жел өтіндегі тағдыр
- «Әдебиетті таланттар ғана жасайды»
- «Менің идеалымдағы театр – орыс театры»
- Ақиқатың жоқ жерде...
- Қазақтың дәстүрлi мәдениетiндегi қасiрет пен қайғының орны
- Сын неге жоқ
- «Модернизм – модернизациядан шыққан, бұл әдебиетті жетілдіру емес пе?»
- «Көп адам прозаның байыбына барған жоқ»
- Біліктілік формуласы
- Қазақ келімсектердің мазағы болып отыр
- Жүйені емес, көркемдікті көздейтін театр
- Серікбол Қондыбай – Фарабилер мен Шоқан үлгісіндегі ғалым
- «Үндемеу ұлттық дәстүрге айналып кетті»
- «Шындықтың ауылы біз ойлағандай алыс емес...»
- «Адамның санасында бүкіл адамзат тарихы жазулы тұр»
- «Әлем мәдениетіндегі мифтер мен шындық»
- Толстой, Пушкин және басқалар
- «Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез»
- Есеңгіреген жазушылар енді естерін жиып жатыр
- «Мен үшін өнер – бір өзі мұрат, бір өзі жол»
- «Серікболға ұшан-теңіз мол ақпарат аспаннан түсті дегенге сенбеймін»
- «Режиссерсымақтарға тойтарыс беруді көздедік»
- «Біржан сал» қазақтың рухын көтереді
- «Қылышымның майын бер!» Сал-серілер туралы бір үзік сыр
- «Талантты болудың қатерлі екенін көрдім»
- Бұл әдебиетіміз өлді, киномыз қирады деген сөз емес...
- Күй мен күйшi
- «Шоубизнес шынайы таланттармен қас»
- «Қарт Сүгiр Алматыдан қолдау көрмей, елiне күйiнiп қайтқан екен»
- Жазушы білімі
- Құнанбайға барар жол
- «Байжігіт қазақ күйінде қажыр-қайратқа негізделген жауынгерлік сарындарды, милитаристік әскери әуенді биікке шығарды»
- «Жақсы адамдарды сақтау керек»
- «Қазіргі күйшілерде қала сарыны сезіледі»
- Музыка
- О традиционной домбровой терминологии
- Генезис жанра хат-өлең
- Будущее искусства кюя
- Кобызист Сматай Умбетбаев
- Дневниковые записи 1997-98 г.г.
- Теория нашей музыки или Наша теория музыки (наброски)
- Путешествие Таттимбета в Восточный Туркестан
- Все прекрасное имеет единый исток
- Тылсым перне (тексты передач, в которых принимал участие Таласбек)
- Казахский эпос: человеческий дух в поисках изначального смысла
- Обряд «Жылан қайыс» («Змеиная кожа») и его мифология
- Последний поход Кет-Буги: сакральная миссия кочевой цивилизации
- Харалужная сабля Ахметжана
- Голод и война
- Древняя стратегическая игра «Тәртікем» и дом из сорока одной комнаты
- Мифологический образ змеи/дракона: драма человеческой предыстории
- Серикбол Кондыбай: возрождение великой традиции
- Эвакуация традиции
- Тема горя, страдания и печали в традиционном казахском искусстве
- Во всем виноват Союз нерушимый?
- Любить жизнь во всех проявлениях
- Воспитание должно соответствовать мере таланта
- Война и миф
- Искусство – и путь, и цель
- Наша проблема в пофигизме
- В Казахстане наконец-то снят по-настоящему народный фильм?…
- Я против термина «колонизация»
- Кобэ Абэ Жат әлпет
- Мериме П. Маттео Фальконе
- Шаламов В. Жидек
- Френсис Дж. Аусарлық
- Генис А. Бабыл мұнарасы
- Владимиров В. Державиннің қазақы бітімі
- Якубовский А. Әмір Темір
- Цуладзе А. Саяси мифология
- Хакамада И. Құпия саясаттың сырлары: Кремльдің тілінен ілеспе аударма
- Бунич И. Қанды қазына
- Елімізге Генри Форд сияқты адамдар керек
- Иво Андрич. Дринадағы көпір
- А.Райымбергеновтың "Күй қайнары" кітабынан
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.