Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Мұхтар Әуезовтің отбасылық хаттары №1 Хат...

24.06.2015 4815

Мұхтар Әуезовтің отбасылық хаттары №1 Хат

Мұхтар Әуезовтің отбасылық хаттары №1 Хат - adebiportal.kz

Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің эпистолярлық мұрасының ішіндегі “Отбасылық хаттар” деп аталатын бірінші бөлігіне жазушының жұбайына, қызына, ұлына, туысқандарына, Ф. Ғабитоваға жазған хаттары топтасты­рылды. Көлемді уақыт ауқымын (1940–1961) қамтитын бұл хаттар М. Әуезовтің шығармашылық әлеуетін, өмірлік идеалдарының негізгі қырларын ашады. Сонымен қатар жазушының басты шығармасы “Абай жолы” роман-эпопеясының негізгі оқиғалық желісінің жасалу жолда­ры, қазақ әдебиеті мен фольклорына қатысты көркемдік-эстетикалық ізденістері, ішкі сырлары, арман-үміттері де осы хаттардың өн бойынан айқын көрініс тапқан. Оның Қазақстан мәдениетінің көрнекті өкілдері мен бұрынғы кеңестік геосаяси аймаққа кірген басқа республикалар әдебиет қайраткерлерінің көркемдік мұралары жайында айтқан ойлары, берген бағалары аса құнды жәдігерлер бо­лып табылады. Зайыбы В.Н. Әуезоваға жазған хатындағы қырғыз эпосы “Манасқа” қатысты дискуссия жайлы кейбір деректерінің өзі-ақ көп жәйттерді елестетеді. Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар беру жөніндегі комитетте істеген кезіндегі, КСРО Жазушылар одағындағы ұлттық ав­торлар шығармаларын кеңінен насихаттаудағы жұмысы да өте бағалы, мәнді болды.


 

Оқырман қауымға белгісіз болып келген жазушының жеке өміріне қатысты біраз деректер көрініс тапқан осы отбасылық хаттар “Мухтар Ауэзов. Письма родным и близ­ким” деген атпен 1997 жылы жазушының 100 жылдығы кезінде алғаш рет жарық көрді.

 
 

muhtar-avezov.jpg

М. Ауэзов – В. Н. Ауэзовой


 


 

№ 1 Хат


 

9 июля 1940[1] г.

Валечка[2], родная моя!


 

Не знаю, получила ты или нет мое большое письмо от 2-го. Хорошо бы, если ты прислала мне такое обстоятельное письмо, пока я не уеду из Семипалатинска. Соскучился по вас. Уеду, верно, 13-го или 14-го. Живу по-старому, работаю. На днях должен кончить большой очерк. Отрывок напечатал в “Екпiндi”[3] и в “Социалистiк”. Жду ответа на свое письмо в ЦК. Оттуда должны точно указать, куда я поеду – в Риддер или Иртышстрой![4] Питаюсь в столовой, довольно скудно и очень неудобно. Завтрак и ужин отнимают по часу рабочего времени, не меньше. Очерк о второй своей поездке буду писать дома. Соберу материалы и вернусь в Алма-Ату. Так что очень возможно, что вернусь между 25-м и 30-м.


 

И, пожалуй, будет лучше всего, если ты к моему возвращению приобретешь им всем путевки на август и будешь продолжать жить там же. Точнее, я пошлю телеграмму после 15-го, после своего приезда на место новой командировки. Крайне необходимо хоть полмесяца побыть мне в доме отдыха, хотя бы работая над очерком там. Судя по твоей телеграмме, живете не в доме, а на даче: это лучше всего.


 

Отдохните хорошенько и ты, и Лелюсенька[5]. Очень скучаю также и по ней. Пусть она не тянется, как сосна, а станет толстой, как карагач. Пусть хорошо кушает и пьет кумыс.


 

Что хорошо в Семипалатинске, так это купаться в Иртыше. Я тоже жалею, что нет вас со мной во время моих частых взмахов руками там, вода прелесть! И теплая, и голубая, а сама прозрачная. Много воды. Замечателен Иртыш!


 

Не знаю, что за ящик 94 и где ты? Послал телеграмму и эту открытку, адресуя туда. Ну, отдыхай спокойно, без расстройств и жди меня здоровой, сильной, с радостной, хорошей душою. Целую Лелюсю и тебя.


 

Папа.

 


 


 


[1] Хат семейде жазылған

[2] Әуезова (Кузьмина) Валентина Николаевна (1904–1977) – М. Әуезовтің зайыбы. Петроградта орман шаруашылығы инженерінің отбасында туған.

1923 ж. Ленинград мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің әдеби-лингвистикалық бөлімінің славян-орыс секциясына оқуға түсіп, сонда М. Әуезовпен танысқан. Фотосуретіне жазған бірінші жазбасында: “Моей любимой Валечке. На память о наших солнечных днях. С верой и надеждой, что не за­будешь и не будешь забыта. Твой Мухтар. 26.11.26 г. Ленинград, В. О. 3 линия, дом 46, кв. 63. 1 час 10 минут” – деген деректер бар.

 

[3] “Екпінді” газетінің 1940 жылғы 17 шілде күнгі санында “Абай жайын зерттеушілерге” деген мақаласы жарияланған.

 

[4] М. Әуезов ҚазКСР ХКК және ОК шешімімен П. Кузнецов, Д. Снегин, Ғ. Мұстафин, т. б. жазушылар бригадасының құрамында “Шығыс шеңбер” құрылысына іс-сапарға барған (10 маусым – 10 шілде 1940 ж.).

М. Әуезов бұған дейін 1935 ж. Риддерде болған. Ол топта Л. Собо­лев, М. Березин, П. Лукницкий, т. б. болды.

 

[5] Әуезова Ләйла Мұхтарқызы (1923–1993) – жазушының қызы, тарих ғылымының докторы, 1962 жылдан өмірінің соңына дейін М.О. Әуезовтің әдеби-мемориалдық мұражайының меңгерушісі бол­ды. 1952 ж. Мәскеу мемлекеттік университетін, 1955 ж. КСРО ҒА Шығыстану институтының аспирантурасын бітіріп, “ХІХ ғ. екінші жартысындағы Қазақстанда егін шаруашылығының дамуы” де­ген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 1962 ж. бастап Л.М. Әуезованың ғылыми қызметі М.О. Әуезовтің ғылыми, көркем мұрасын жинаумен, зерттеумен, жариялаумен байланысты болды. 1975 ж. “М.О. Әуезов шығармашылығындағы Қазақстан тарихының мәселелері” тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 1980 ж. ҚазКСР ҒА Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты.


 

Л.М. Әуезова М.О. Әуезовтің Мәскеуде “Худ. литература” бас-пасынан шыққан орыс тіліндегі 5 томдық, қазақ тіліндегі 20 томдық (“Жазушы” баспасы) шығармалар жинағын, бұрын жарияланбаған бірқатар шығармаларын, естеліктер жинақтарын, библиографиялық көрсеткіштерін, т. б. жұмыстарды дайындауға қатысты.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар